• 25 декабря, 2024 6:53 дп

Салықтар  әртүрлі негіздер бойынша топтастырылады.

Автор:admin

Июн 13, 2024

Салық ауыртпалығын  ұстануына байланысты салық тікелей  және жанама болуы мүмкін. Тікелей салық  – бұл салық салудың субьектісі бір уақытта оның төлеушісі (салық  ұстанушы) болып табылатын салық, яғни оның заңды ненақты төлеушісі  болып шығатын салық субьектісінің  өзі салық ауыртпалығын ұстайды  және мұнда салықтың төлемді төлеу  салық төлеуші мүлкінің (ақша құралдары  түрінде) нақты төлемденуіне әкеледі. Табысқа салықтардан  басқа, мұндай салықтарға мысал ретінде  мүлікке салық шығады. Жанама салық  – бұл салық слудың субьектісі оның төлеушісі (салықты ұстанушысы) болып шығатын басқа тұлғаға  салық ауыртпалығын аударатын салық, осындай салықтарға мысал ретінде  қосылған құнға салық (ҚҚС), акциздер және кедендік баждар шығады. ҚҚС және акциздердің заңды төлеушісі  болып тауырларды сатушы шықса да, ақырында олар тауарды тұтынушымен  төленеді, себебі берілген салықтар  сомалары оның бағасына қосылады, сондықтан  осы салықтарды кейде тұтынушыға салық, ал тікелей салықтарды — сатып  алуға салық деп атайды. «Салықтарды жанама және тікелей бөлу критериі – салықтың ақырғы төлеушісі анықтау  болып табылады,-деп жазады А.И.Кочетков егер салықтың ақырғы төлеушісі болып, салық салынған меншіктің иесі және салық салынған табыстың иесі табылса, онда мұндай салық тікелей деп  аталады. Жанама салықтың ақырғы төлеушісі  болып, қосымша арқылы салық салынатын  тауарды тұтынушы табылады». Тікелей салықтардың  артықшылықтары ретінде Г.Қарагусова келесілейді белгілейді: — тікелей салықтар мемлекетке мөлшері бойында дұрыс және нақты салықты береді; — Жанама салықтарға қарағанда тікелей салықтар салық төлеушінің нақты төлеу қабілеттілігін анық ескеруімүмкін; — Тікелей салықтарды төлеу кезінде мемлекет салықты ұстанушымен байланысқа түседі және олардың міндетін анықтауы мүмкін; — Негізінен тікелей салықтар салық төлеушінің табысынан алынады. Салықтар  туралы жарлық жанама және тікелей  салықтарға келесі анықтамаларды береді: тікелей салықтар – салық төлеушінің мүліктерімен не ттабысынан төленетін салықтар; жанама салықтыр – салық төлеушінің мүліктерімен не табыстарымен байланысты емес тарифке немесе бағаға қосымша ретінде орналастыратын тауарларға және қызметтерге салық (қосылған құнға салық және акциздер). Тікелей салықтарды нақты және жеке деп біледі. Нақты салықтар – бұл мүлікке салықтар. Жеке салықтар салық төлеушімен алынған табыстың (пайдадан) төленеді. Салық өлеушінің  нақты төлем қабілеттілігін ескеруге мүмкіндік  береді, себебі салықты  төлеудің қайнар көзі болып елмен  алынған ақшалар (яғни салық төлеуші  елмен алынған табыстың бөлігін  береді) табылады. Нақты салықтар көзінде (мысалы, жылжымайтын мүлікке салық) мемлекетті салық төлеуші салықты  төлеу үшін қайдан ақша алатыны қызықтырмайды. Бірақ нақты салықтарды бақылау  оңай – егер салық салудың обьектісі  болып табылатын жылжымайтын  мүлікті алсақ, онда оны тыға алмайсың , К.Р.-ның салық заңдылығымен қарастырылған  нақты салықтарға келесілер жатады: мүлікке салық, көлік құралдарына  салық, жер салығы. Жеке салыққа  жеке және заңды тұлғалардан табысқа  салық  және белгілі бір деңгейде жер қойнауын пайдаланушылардың  арнайы салықтары жатады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin