• 24 ноября, 2024 7:07 пп

Салық жүйесі мен экономикалық жекешелендіру

Автор:admin

Авг 15, 2024

Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа бір сипатқа ие болуда. Салықтың ставкалары нақты кірістің деңгейімен, несиенің процентімен, амортизациялық ставкасының проценті мен және басқа экономикалық нормативтермен байланысты болуы керек. Мемлекет халықтың алдында өзінің міндеттемесін орындай отырып аса көп салық салуды жібермеуі керек. Адамзаттың тарихында бірде – бір мемлекет салықсыз өмір сүрген жоқ. Салық тәжірибесі салық салудың негізгі принципін ойға салады: алтын жұмыртқа беретін тауықты союға болмайды. Басқаша айтқанда, «қаржы — қаражатының шығындарды өтеуі үшін керектігі қаншама зор болса да салықтар төлеушілердің шаруашылық саласына құштарлығын жаппау керек. Салық салудың басқа принциптеріне қарағанда салық төлеудің міндеттілік принципіне ерекше көңіл аударған жөн. Ол салық төлеушілерді күдіктендірмеуі керек. Айыппұл және санкция жүйесінде елдің қоғамдық пікірі мынандай болуы керек: — төлеушілік немесе уақытында төленбеген салықтың пайдасы аздау болса, уақытында және міндеттемесін адал орындағандардың пайдасы көп болуы керек. Әрбір мемлекет өзінің салық жүйесін жалпы экономикалық даму деңгейіне байланысты құрайды. Ал басқа жағынан алып қарасақ, тиімді, нәтижелі, мықты салық жүйесі экономиканың даму деңгейін сипаттайды. Салық жүйесі – мемлекетте саяси — әлеуметтік, экономикалық шарттар әсерінен қалыптасқан салықтардың өзара байланысты жиынтығы. Ол салықтарды құру және алудың нақты әдістерін, яғни салықтың элементтерін белгілейтін мемлекеттің сәйкес заң актілеріне негізделеді. Салықтың тағы бір өзіне тән ерекшелігі оларды мемлекет тарапына тарту кезінде қандай мақсатқа алынатындығы туралы айтылмауы. Олар мемлекет қаржысына – бюджетке тағы басқа қорларға айналмас бұрын ақша қаражаттары қорлары ретінде қалыптасады. Осы ақша қаражаттары қорларының жиынтығы қаржылар болып табылады және олар әр түрлі қоғамдық, мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыруға жұмсалады.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin