• 21 сентября, 2024 4:32 дп

САУРАН АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН САЙЫС ӨТТІ

Автор:admin

Июн 18, 2024

 

Сауран аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. «Ұлттық спорт — салауатты өмір бастауы» атты сайыста аудан жастары қошқар көтеру, садақ ату, аударыспақ, қазақша күрес, арқан тартудан өзара бақ сынасты.

Нәтижесінде 1-орынға Бабайқорған ауылдық округінен келген «Абай жастары» командасы ие болса, 2-орынды Қарашық ауылдық округінің «Құмтүйін жастары» командасы иеленді. Жүлделі 3-орынға Майдантал ауылдық округінің жастары табан тіреді. Одан бөлек, жекелей сайыста қошқар көтеруден Бақдәулет Жаңабаев, қазақша күрестен Нұрбол Айтжан, аударыспақтан Бекзат Жарылқасын жеңімпаз атанып, аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

 

Автор: admin