• 5 декабря, 2024 2:45 дп

Саяси партиялар қалай жіктеледі?

Автор:admin

Авг 20, 2023

Жаңа Қазақстанда саяси партиялардың саны жыл снап өсіп келеді. Бүгінде партияларды тіркеу жеңілдетіліп, саяси партиялардың саны біршама есе артып отыр. Ал осы партиялар жайында бүгін біздің редакция қалай жіктелетіні жайында ғылым-аналитикалық мақала ұсынбақпыз. Сонымен қазіргі саяси жүйеде саяси партияның орнын және рөлін ашу, олардың генезисімен таныстыру, сонымен қатар партиялардың типологиялық проблемасын және партиялық жүйелердің ерекшеліктерін айқындау, қазіргі Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуымен таныстыру елдің саяси жүйесінде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Партияның ұғымы қарастырылады, саяси жүйе субъектісіне анықтама беріледі, партияның негізгі белгілері мен қызметі сипатталады. Одан әрі саяси партияның генезисі мен типологиясы туралы айтылады, ҚР-дағы партиялық жүйелер сипатталады. Саяси процестің өте маңызды субъектісі болып мемлекетпен бірге саяси партия да кіреді. «Партия» сөзі латын сөзінен алғанда «партия» partis – бөлім, топ – дегенді білдіреді. Қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер: 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар. Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағын айтады. Саяси партия түсінігінің маңызды әртүрлі жақтарын ерекшелеуге болады. Жалпы айтатың болсақ: саяси партия – бұл ұйым, адамдардың белгілі бір ерікті идеологиялық одағы, жаулап алуға бағытталған немесе өздерінің саяси бағдарламалары арқылы белгілі бір топ құру арқылы өкіметпен бір деңгейде әлеуметтік база құрады. Саяси партияның негізгі төрт белгісін анықтауға болады: 1) Партия идеологияны тасымалдаушы немесе әлем мен адамның көрінісі; 2) Партия – бұл ұйым, адамдардың ұзақ бірлестікте болуы; 3) Партия мақсаты – жаулап алу және өкіметтегі билікті жүзеге асыруы; 4) Әрбір партия өзіне халықтың сайлаған дауыстары арқылы қолдау алады. Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төртке бөледі: авангардтық партиялар, сайлаушылар партиясы, парламенттік партиялар, қауымдастық партиясы. Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеуге болады: 1) комунистік партиялар мен солшыл радикалды бағыттағы партиялар; 2) социал-демократиялық (немесесоциалистік, лейбористік) партиялар; 3) буржуазиялық-демократиялық партиялар; 4) консервативтік партиялар; 5) фашистік партиялар. Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жіктеудің мәні зор. Партиялық жүйе деп мемелкеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяс партиялар жиынтығын айтады. Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екі партиялық (бипартизм) және бірпартиялық болып топтастырылады. Көппартиялық деп мемекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл – адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Қазіргі таңда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің біріболып табылады. Ондайларға Австрия, Бельгия, Дания, Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады. Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен-өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді. Бұған мысал ретінде АҚШ-тағы республикалық және демократиялық, Ұлыбританияда – консерваторлар мен лейбористер, Германияда – христиандық демократтар мен социал-демократтар жатады. Саяси күреске басқа да партиялар араласады. Бірақ олар шешуші рөл атқара алмайды. Бірпартиялық жүйеде өзінен басқа бәсекелес партиялар болмайды. Ол авторитарлық және тоталитарлық қоғамға тән деп сипатталады. Тоталитаризм шарттарында басқарушы партия сол елде бұқаралық партия, мемлекеттік құрылымға айналып этатистикалық партияға айналады («этатизм»(фр.) — мемлекет). Бір партиялы жүйеге бүгінгі таңда Қытайда, КХДР-да және Кубада бар. Саяси партиялардың жұмысы әдетте құқықпен немесе Конститутциямен реттеледі. Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі керек. Оларға жататындар: қоғамдық өмірде партияның орнын конституциялық жолмен рұқсат ету; саяси жүйеде партияның жұмыс істеу жағдайын белгілеу; сайлау жүйесінің жұмысына партиялардың қатысуы; мемлекеттік өкімет органдарында партиялардың өкілдік ету тәсілдері; мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін қаржыландыру. Қазақстанда 1905 жылы желтоқсан айында Орал қаласында А. Бөкейхановтың бастауымен «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Алайда бұл ұмтылыс еліміздің маңызды мәселелерін шеше алмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. 1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы басылып шықты. 1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпықазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды. «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері реперессияға ұшырады. Алайда осы партияның іс-әрекеті кейінгі кезеңдегі партияларға бірден-бір үлгі көрсетерлік дәрежеге көтерілді. Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды. Еліміздегі алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселесі болып азаматтық, мемлекеттік тіл жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. қойылды. 2002 жылы шілдеде “саяси партиялар туралы” заң қабылданды және 2008 жылы қарашада айтылған құжатқа түзетулер енгізіліп, бұл ҚР-дағы көптеген саяси партиялары статусын өзгертті. Осы заңға сәйкес әділет министрлігінің бекітуі бойынша партия 40 мыңнан артық емес мүшеден тұруы тиісті, ал әрбір аймақтың партиялық ұйымдарында 700 өкілден аз болмауы тиіс. Кәсіпшілік, нәсілдік, діни белгілеріне байланысты саяси партия құруға рұқсат етілмейді, сонымен қатар басқа мемлекеттердегі саяси партиялардың Қазақстанда қызмет жасауына тыйым салынған. Елімізде партиялық қатынастардың белсенділігі байқалып жатыр, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық сфераларда саяси ұйымдардың маңыздылығы өсіп отыр. Мысалы, “Нұр Отан” саяси партиясының ең басты мақсаты қоғамның саяси өміріне белсенділікпен қатынасу, қоғамның саяси және экономикалық реформаларының жүзеге асуына көмектесу, азаматтардың саяси деңгейінің өсуін қамтамасыз ету, елдегі тұрақтылықтың сақталуын қуаттау, ұлтаралық келісімді нығайту. Бүгінгі күн ҚР-да 9 саяси партия тіркелген, атап айтқанда: “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясы; “Ак жол”демократиялық партиясы; Қазақстан демократиялық партиясы; Қазақстан патриоттарының партиясы; “Ауыл” қазақстандық социал-демократиялық партиясы; “Руханият” партиясы. Қазақстан коммунистік партиясы; Қазақстан коммунистік халық партиясы; Жалпыұлттық социал – демократиялық партиясы. Республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды. Партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол көптеген партиялар саяси процеске шын мәнінде тығыз араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар орнамаған. Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уақыттары жоқ. Қазақстандағы көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт-бағдары жақын партиялар бір-біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне жан-жақтылық сипат алатындай сыңайы бар. Қазіргі қоғам өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатарлы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немес оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады. Барлық қадамдар елдің саяси жаңартылуы және Қазақстанның онан арғы демократияландырылуы үшін жүзеге асырылып жатыр, мемлекеттік тұрақтылықтың сақталуы үшін барлық шаралар жасалуда. Азаматтық қоғамға жылжудың жаңа кезеңіне арнайы мемлекеттік шарттар жасалып жатыр, саяси жүйеде халық көпшіліктерінің көзқарастары қорғалатын маңызды құрылғылар ойластырылуда.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin