• 9 сентября, 2025 6:10 дп

Саяси реформалардың бастауы – сайлау науқаны!

Автор:admin

Авг 13, 2025

Елімізде соңғы жылдары саяси реформалар өтуде. Ол Қазақстанның сайлау науқанына да өз әсерін тигізіп, оң нәтижелерді көрсетуде. Жалпы саяси реформалардың басым бөлігі сайлау науқанымен тікелей байланысты.  Қазақстанда саяси жүйені жаңғырту ерекше қарқынға ие болды. Оның ішінде біртұтас жеті жылдық президенттік мерзім енгізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Аманат» партиясынан шықты. Осылайша ол партиясыз басшыға айналып, сайлау науқанында қандай да бір партияға президенттік өкілеттілік әсер етпеуі керек деген месседж тастады. Конституцияға өзгеріс енгізу үшін арнайы референдум өтті. Соның нәтbжесінде Парламент күшейді, Конституциялық сот қайта құрылды. Артынша кезектен тыс президент сайлауы өтті. Бұл бір жылдың ішінде болған саяси науқан еі және аталмыш саяси додаларда Орталық сайлау комиссиясы маңызды рөл атқарды. Билік саяси партияларды тіркеу тәртібін де оңайлатты. Ендігі таңда партияны тіркеуге қатысты 20 мың қол жинау қажет емес, бар болған 5 мың мүшеның қолын жинасаңыз болғаны. Мәжіліске партияларды өткізуді де жеңілдету басталды. Бұрын Мәжіліске қандай да бір партия өту үшін кемі жеті пайыз дауыс алуы тиіс болса, енді ол бес пайызға дейін түсті. Бұл 2023 жылдың наурызында өкен Парламент сайлауында өте қызу тартыс, таластың, саяси белсенділіктің болуына әкелді. Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетеньдеріне, бланкілеріне өзгеріс енгізді. Енді президент, парламент сайлауында «барлығына қарсымын» деген баған енгізілді. Депутаттық мандаттарды бөлу кезінде әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін де 30 пайыздық квота белгіленді. Бұл өзгерістер саяси бәсекелестікті арттырып, жаңа партиялардың пайда болуына жағдай жасады десек те болады. Аталмыш өзгерістер сайлауда партиялық және партиялық емес тұлғалардың саяси белсенділігін күшейтті, сайлау науқанына динамика қосты. Парламенттің төменгі палатасына және жергілікті өкілді органдарға кезектен тыс сайлау жаңа үлгі бойынша өтті. Мәжіліс депутаттарының 70%-ы (69 адам) партиялық тізім бойынша, 30%-ы (29 адам) – бір мандатты жүйе бойынша сайланды. Облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына сайлау ұқсас жүйе бойынша, елу де елу арақатынасы негізінде өтті. Қазақстан Президенті атап өткендей, Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы «Күшті президент – ықпалды парламент – есеп беретін үкімет» формуласын нақты қалыптастыруы тиіс болатын. Ол солай болды да. Саяси реформалар партиялардың парламент пен жергілікті билік орындарына үміткерлер арасындағы бәсекелестікті арттырды. Орталық сайлау комиссиясына сайлауға қатысу үшін жеті саяси партия құжаттарын тапсырды, оның ішінде екі жаңа бірлестік – «Байтақ» жасылдар партиясы мен «Республика» партиясы бар еді. «Аманат» партиясы, Қазақстан халық партиясы, «Ақ жол» демократиялық партиясы, оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Ауыл» партиясы да өз кандидаттарын ұсынды. Осылайша сайлау партиялар арасындағы саяси тартысқа толы болды. Сайлау науқаны ұзақ жылдар бойы бірқалыпты деңгейде тұрған сайлау науқанына жан бітірді. Себебі партиялық тартыс артты, бір мандатты жүйе жеке тұлғалар белсенділігін күшейтті және қоғамда насихат күшейді. Саяси реформалар сайлау науқанын қыздыра түсті және Орталық сайлау комиссиясын басты, маңызды органдардың біріне айналдырды. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы еркін сайлауды мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі қағидаты, ал халық егемендіктің негізгі тірегі, мемлекеттің биліктің бірден-бір бастауы екені жазылды. Ал конституцияда Қазақстан Республикасы президент басқару формасындағы тәуелсіз ел екені айтылды. Президентті анықтау әділ сайлау жүйесі арқылы іске асуы керектігі көрсетілді.

Осы ретте елімізде демократиялық сайлау жүйесін қалыптастыру қажеттілігі айтыла бастады. Демократиялық сайлау дегеніміз ел азаматтары сайлауға өз кандидаттарын шығарып, мемлекеттік құрылымдарға өз өкілдерін ұсына алатын жайтта болу керектігін айтады. Сайлауға түсіп жатқан партиялар мен кандидаттардың сайлауға қатысуын қамтамасыз етіп, олардың арасында әділ әрі тартысты бәсеке болу керектігі айтылды, тайға таңба басқандай жазылды. Сайлауға түсушілер заң аясында сөз еркіндігі, ұстаным еркіндігіне ие еді және сайлау барысында заңда рұқсат етілген барлық әдіс-тәсілді қолдана алды. Қазақстан Республикасының заңнамасы сайлаудың кезеңділігін, мемлекеттік органдарда халықтың әртүрлі әлеуметтік топтарының өкілдігін, сайлау органдары қызметінің ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуі тиістігі жазылды. Ол солай болып та келеді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin