• 31 января, 2025 5:59 дп

Сигарет, вейп және темекі қыздыру жүйесінің айырмашылығы неде?

Автор:admin

Май 6, 2024

Мемлекетіміз халқымыздың денсаулығын әрдайым ойлайды. Оны жоққа шығара алмаймыз. Мәселен бір ғана Шымкент қаласын есепке алып қарасақ, қалада темекі шегудің зияндылығы жайында қаншама видео ақпараттық өнімдер, бюлетендер, жарнамалық баннерлер жасалды. Осы ақпараттық өнімдердің арқасында жастарымыз бен темекі өнімін тұтынатын адамдар зиянды әдеттен аулақ болуға оны тұтынбауға бел байлады. Бұл әрине Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының ұрпақ болашығын ойлауға, денсаулығын жақсартуға бағытталған реформалардың нәтижиесі. Ал енді  электронды сигарет – вейптердің сатылымда пайда болуы никотинге тәуелді адамдар арасында үлкен толқулар тудырып отқанын жасыра алмаймыз. Мұндай құрылғылардың зияны туралы даулар әлі де жалғасып жатыр, бірақ жүргізілген клиникалық зерттеулер электронды сигареттің денсаулыққа қауіпті екенін көрсетті. Темекі шегетін сұйықтықтың температурасы жоғарылаған кезде бу шығаруға арналған қыздыру құрылғысы ерін мен ауыз қуысының шырышты қабығын, сондай-ақ тыныс алу жолдарын күйдіреді. Темекі шегуге арналған сұйықтықтың құрамына кіретін диацетил тыныс алу жолдарының шырышты қабығына зақым келтіреді, оның салдары бронхит болуы мүмкін. Никотин сұйықтығы психобелсенді зат сияқты әсер етеді, сонымен қатар жүрек, орталық жүйке жүйесі және өкпе жұмысын бұзады. Жасөспірімдер арасында электронды сигареттің танымалдығы никотинге тәуелділіктің ерте қалыптасуына әкеледі. ДДСҰ-ның Темекіге қарсы күрес жөніндегі негіздемелік конвенциясының (ДДСҰ ТКНК) 13-бабына сәйкес, тікелей және жанама жарнаманың барлық түрлеріне, темекі сатуға және темекі демеушілігіне жәрдемдесуге толық тыйым салу енгізілуге тиіс. Бала құқықтары туралы Конвенцияның 36-бабына сәйкес, балалардың өз мүдделері үшін пайдаланатын немесе олардың әл-ауқаты мен дамуына зиян келтіретін кез келген қызметтен қорғалуға балалардың құқығы бар. Бұған балаларға бағытталған темекі өнімдерінің маркетингі кіреді, бұл олардың дені сау болып дамуына және жас кезінде пайдалануына айқын кедергі болып табылады. Вейптер баламалы сигарет болып саналмайды. Әрине, олар зиянды әдетке айналады да, қандай да бір баламасыз денсаулыққа салдары болады. Құрылғыларға арналған сұйықтықтардың құрамында көбінесе никотин болатындықтан, олар тәуелділікпен күресудің сенімді тәсілі ретінде қызмет етеді деп айтуға болмайды. Вейп шегуге дағдыланған адам никотиннің дозасын алуды жалғастырады, тәуелділіктің өзі жойылмайды. Жаман әдеттен арылуға тырысқанда, оны дереу және толығымен тастау керек. Никотин дозасын алудың балама нұсқаларын қолдану зиянды тәуелділікпен толық күресуге мүмкіндік бермейді. Егер адам никотинді қоспай вейпті қолдануға тырысса, онда уақыт өте келе ол әдеттегі сигаретті тартуды қалайды. Темекіні қыздыру жүйесі – бұл кішкене қорап түріндегі құрылғы, сигарет стигін батыруға және оны қыздырғаннан кейін темекі шегуді жүзеге асыруға арналған. Темекіні қыздыруға арналған мұндай жүйе алғаш рет 1988 жылы пайда болды, бірақ ол кезде қатты танымал болмады. Кейінірек оған үлкен темекі компаниялары назар аударды, олар бастапқы нұсқасын жетілдірді және оны өте стильді етіп жасады. Бұл электронды сигареттердің ерекшелігі бар, ондағы темекіге от жақпайды, тек белгілі бір температураға дейін қыздырады, бұл жану өнімдерін бөліп шығармайды-мыс. Темекі шегу, вейп немесе сигарет тартуды темекі шегушінің өзі таңдайды. Электронды гаджеттер нарықта жақында пайда болғандықтан, олардың ағзаға әсері толық зерттелген жоқ. Бірақ кез келген жағдайда әдеттегі және электронды сигаретті салыстыра отырып, екі нұсқа да ағзаға әртүрлі дәрежеде қауіп төндіретіні анық. Сондықтан өз денсаулығына және жақындарының денсаулығына қамқор болатын адамдар сигареттен толығымен бас тартқан дұрыс.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin