Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, көшелерді тазарту, көгалдандыру және елді мекендердің аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүруде.
Аудандағы 12 ауыл-кент округтен тазалық жұмыстарына 1000-ға тарта тұрғын жұмылдырылды. Ауыл тұрғындары, мекеме және кәсіпорын қызметкерлері белгіленген аумақтардан 235 тонна қоқыс шығарды. Сондай-ақ, 3 000 ағаш түптерін әктеу, көгалдандыру жұмыстары жүрді. «Таза Қазақстан» экоакциясы басталғалы ауданда 22 500 тал егілген.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі