• 24 ноября, 2024 3:40 дп

Сыбайлас жемқорлықпен күресуҚазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі

Автор:admin

Июн 25, 2024
Screenshot

Үлкен әлеуметтікқасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтынәлемдегі барлық елдерді қатты  алаңдататыны  анық.

 Қазақстан Республикасының заңнамаларынасәйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарғанегізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өміркөрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөзжеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіпалу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауапберу, сарапшының жалған қорытыңдысы немесеқате аудару, жалған жауап беруге немесе жауапберуден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымдыадамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзгеде сот актісін орындамау, осындайқылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластықбайланыстарды пайдалану арқылы жасалады.

Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерініңқұқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бірқұқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайдақандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақтыжолдарын толық білулері қажет. Конституциялықтәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күресаясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттіксаясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмірсүруінің барлық салаларында сыбайласжемқорлық пен оның көріністері деңгейінтөмендету, қоғамның мемлекетке және оныңинституттарына сенімін нығайту бүгінгі күндегібасты мақсат болып табылады.

Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орынжоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудыңбарлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұлқұбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.Сондықтан-да сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

Ордабасы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Жәкей

Автор: admin