• 23 ноября, 2024 1:31 дп

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫ КӨЗДЕЙТІН КЕЗЕКТІ ЖИЫН АҚСУКЕНТ АУЫЛЫНДА ӨТТІ

Автор:admin

Авг 5, 2021

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев Сайрам ауданына қарасты Ақсукент ауылында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Мақсатты жиын әділдік, ашықтық, туралық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарытуды және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуды көздейді.

Жиында Е.Икрамұлы бармақ басты, көз қысты әрекеттердің жолын кесу мақсатында Агенттікпен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, пара бергендер мен парақорлыққа делдал болғандарға көрілетін жаза түрі күшейтілгені туралы Заңға енгізілген жаңашылдықтармен таныстырды.

Сондай-ақ, бұдан былай азаматтық кодексте мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынғаны туралы ақпарат беріп, жиынға қатысушыларды пара алу, пара ұсыну, делдалдық ету сынды парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Жиын соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша қойылған өзекті сауалдарға нақты жауаптар берілді.

Jsk ақпарат

Автор: admin