• 16 сентября, 2024 8:48 пп

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер спорт мектептерінің қызметкерлеріне негізсіз төлем жасау тәуекелдерін анықтады

Автор:admin

Июн 7, 2024

Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет волонтеры спорт саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау барысында жоғары сапалы оқу-жаттығу процесін тікелей қамтамасыз еткені үшін қосымша ақыны есептеудің түрлі тәжірибесін анықтады. Спортшылардың жаттығулары үшін қосымша ақылар спорт мектептері директорларының жүргізушілеріне, коменданттарға, референттерге, мұрағатшыларға, аудармашыларға және басқаларға тағайындалған. Мәселен, бес спорт мектебінің қызметкерлері негізсіз 15 млн теңгеден астам қаражат алған. Аталған бұзушылықтар қалалық Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің .аудиторлық тексеруімен расталды. Бюджетке 13,3 млн теңге өтелді. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы бойынша жұмыстар жалғасуда. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің,әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайлылық танытуы,кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin