• 21 ноября, 2024 11:40 дп

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

Автор:admin

Авг 29, 2023

Әлемнің дамыған 30 еліне кіру мақсаттарына жету үшін біз күшімізді біріктіруіміз қажет, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте бірігу қажет. Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрсетілгендей жетістікке жету, сыбайлас жемқорлыққа тек біртұтас ағза сияқты күрескенде ғана мүмкін.

Заң  қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс әрекеттер тұрақты жүргізіліп келеді. Елімізде сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін қауіпті түрі — парақорлық. Ал парақорлықтың алдын алу, жолын кесу құзырлы мекемелермен жүзеге асуда. ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдармен лауазымды  тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың, ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз өкілеттігінің шегінде өздерінің кадр, бақылау, заңгерлік және өзгеде қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын  қамтамасыз етуі міндетті деп көрсетілген.

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлықпен күресті ешкімнің бет шырайына, лауазымына, шен-шекпеніне қарамай жүргізу керек» — деген. Сондықтан біздерде өз жұмыс орнымызда әрқайсысымыз сыбайлас жемқорлыққа жол бермей заң бұзушылық көрініс тапқан жағдайда тиісті шара қолдануымыз керек.

Сондықтан, біздер бұл мәселені шешуге тек белгілі органдарға сілтеп қоюға болмайды. Бұл дертпен халық болып жұмыла күресуіміз керек. Әрбір мекеме, ұжым, кәсіпорын қызметкерлері — жалпы халық болып жұмыла күресуіміз қажет.  

Дайындаған: «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» КММ-нің аға кеңесшісі А.Ахметов

Автор: admin