• 25 сентября, 2024 1:25 пп

Сыбайлас жемқорлық – қоғам назарында

Автор:admin

Июл 11, 2024

Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. Осы орайда Шымкент қаласында 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты руханиэтикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті. Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс келешек түлектердің қызмет бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуға тиіс. Өткен жылдан бастап барлық жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері» атты жаңа пән енгізіле бастады. Дегенмен, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дүниетанымдық, этикалық, рухани аспектілерін жан-жақты көрсететін тиісті әдебиет әлі аз, ал бұл проблема бойынша қолда бар әдебиет көбіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық аспектілерін ашуға бағытталған. Қалыптасқан мән-жайды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғалымдар тобы бұл проблема бойынша оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету үшін оқу құралын жасау туралы бастама білдірді. Ұсынылатын оқу құралы Академияның профессор-оқытушылар құрамының жұмыс нәтижесі болып табылады, оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінде құқық қорғау, экономикалық және тәрбиелік моделдерін қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетіктері жүйелі түрде әзірленуде. Авторлар ұжымына әртүрлі бейіндегі мамандар кірді, олардың ішінде – практикалық тәжірибесі бар мемлекеттік қызметшілер, педагогика, философия, экономика, юриспруденция саласында зерттеулер жүргізетін ғалымдар бар. Авторлық ұжымның мұндай іріктелуі белгіленген міндеттерді шешуге және тарихи әрі қазіргі заман тұрғысынан алғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзекті проблемаларын байыптауға кешенді көзқарасты қамтамасыз етті. Жүйелі тәсілдің міндетін белгілеген авторлар сыбайлас жемқорлықтың мәнін, табиғатын, шығу тегін, оның орнықтылығының себебін ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани-этикалық аспектілерге сапалы талдау ұсыну әрекетін жасады. Оқу құралында қамтылған мәселелер кешеніне орай оларды төрт тарауға топтау орынды деп табылып, олардың әрқайсысы тиісті тақырыптық блокты қамтыды.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin