• 25 ноября, 2024 10:48 дп

Сәуле мен Ақтас шағынаудандарында 2 магистральды желінің құрылысы аяқталды

Автор:admin

Окт 8, 2023

Бүгінде қала аумағындағы 7 251 шақырым газ желілерінің 14 пайызы тозған. 2023 жылы Шымкент қаласында 6 елдімекен табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы қала әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен елдімекендерді табиғи газбен қамту және даму перспективасы талқыланған арнайы жиында айтылды. Бүгінде қала аумағындағы 7 251 шақырым газ желілерінің 14 пайызы тозған. Былтырғы жылы Жаңғырту бағдарламасы аясында «ҚазТрансГаз» АҚ тарапынан 76 шақырым газ құбырын жаңарту жұмыстары басталған болатын. Шілде айына дейін 51 шақырым газ құбыры қалпына келтірілетін болады. Жыл қорытындысымен Сәуле, Ақтас шағынаудандарында 2 магистральды желінің құрылысы аяқталады. Сондай-ақ биыл Ақтас, Ақтас1, Нұршуақ, Ақжар, Арғымақ, Тұран шағынаудандарында 10 мыңнан астам абонент көгілдір газ желісіне қосылады. Бүгінде тағы 8 елдімекенді газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Сондай-ақ, Әл-Фараби ауданында 2024 жылы табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 100 пайызды құрайтын болады. Осы жылы Ақтас-2 елді-мекенінде мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, абоненттерге қосылу бойынша жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, 195-орамда мердігер мекеме «Ремстрой» ЖШС тарапынан табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізілді. Ал, 276-орамда құрылыс жұмыстары осы жылдың ІI-жартыжылдығында аяқталу жоспарлануда. Қазіргі уақытта 81 елді мекеннің 78-і (1084,9 мың тұрғын) сапалы ауыз сумен қамтылса етілсе, Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елді мекендері кесте бойынша ауыз су тұтынып отыр. Биыл Шымкент қаласы бойынша ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 98,5% — дан 100%-ға дейін өседі деп күтілуде. Шымкент қаласын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асырылып жатыр. Олар — Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші ауданы жаңа құрылыс аумағы. Нәтижесінде 72 мыңнан астам тұрғын орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады. Қаланың даму жоспарына сәйкес, 2024 жылы 18 нысанның құрылыс жұмыстары атқарылады. Жыл қорытындысымен шаһардағы 81 елді мекеннің 31-і жартылай қамтылса, 8 елді мекенді табиғи газбен қамту бойынша тиісті жобалау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, өткен жылы Тассай, Арғымақ, Ақтас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Нұртас, Батыс, Тұран (екінші кезек), Сәуле, Тұран (үшінші кезек), Асар-2 (үшінші кезек), Солтүстік саяжай, Сәуле магистралды газ құбыры, Қайнарбұлақ (1,2 кезек), Бозарық (74 га аумағы) елді мекендерінде тиісті жұмыстар жүзеге асырылды. Былтыр 2 магистралды желі (Сәуле, Ақтас магистралды газ құбыры), 8 елді мекенде (Батыс, Арғымақ, Ақтас, Нұртас, Ақтас-2, Ақжар, Көкбұлақ, Тұран) құрылыс жұмыстары аяқталып, 28 мыңнан астам адамға табиғи газ көзіне қосылуға мүмкіндік берілді. Нәтижесінде, табиғи газбен қамтылу көрсеткіші 93%-дан, 94%-ға өсті. Құрылысы өтпелі 8 нысанның құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қала тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қаланың даму жоспарына сәйкес, 2025 жылы елді мекендердегі қамту көрсеткішін 100%-ға жеткізу көзделуде.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin