• 22 октября, 2024 9:22 дп

Табиғатты қорғау жолындағы ұйым

Автор:admin

Окт 21, 2024

Қазақстанның биоалулантүрлілікті сақтау ассиоциациясы(АСБК)- Қазақстандағы табиғатты қорғау ұйымдарының бірі. Оның негізгі мақсаты еліміздегі табиғи байлықтарды, жануарларды қорғау және сақтау. АСБК 1998 жылы құрылған, осы уақыттан бері Қазақстанда құстар мен жануарларды қорғап, қауіпсіздіктерін бақылауда ұстайды.

АСБК Қазақстандағы сирек және жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін қорғайды. Ұйым Қазақстанның биологиялық әртүрлілігін сақтау үшін ұлттық және халқаралық деңгейде жұмыс істейді. Әсіресе жойылу қаупі төнген, қызыл кітапқа еңген ерекше жануарларды қорғайды. Мысалға ақбас, құмай, дала бүркіті сияқты жануарлар ерекше назарда.

АСБК браконьерлікпен күресу бойынша белсенді жұмыс атқарады. Ұйымның мүшелері қорықшылармен және құқық қорғау органдарымен бірге табиғатты қорғау шараларын ұйымдастырып, заңсыз аңшылықпен күресуге көмектеседі. АСБК- да арнайы бірқатар рейдтері де бар, олар парктар мен қорықтарда жүргізіледі. Қазақстан табиғаты әртүрлі биологиялық байлықтарымен танымал. Алайда, адамзаттың шаруашылық әрекеттері жәнк браконьерлік табиғатқа үлкен зиян келтіруде.

АСБК қоғам арасында табиғатты қорғау тақырыбындс білім беру жұмыстарын жүргізеді. Әртүрлі мектептерде, университеттерде экологиялық мәселелер бойынша дәрістер,семинарлар, және тағы да басқа іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл қоғамның табиғатты қорғау жөніндегі білімі мен түсінігін арттыруға үлес қосады.

АСБК Қазақстанның
экологиялық жағдайын зерттеуге және мониторинг жүргізуге бағытталған ғылымит-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Осы зерттеулер арқылы сирек кездесетін жануарлармен мен өсімдіктердің популяциясын бақылау, олардың жағдайын мекендеу ортасын қорғау және сақтау бойынша ұсыныстар дайындалады.

Қазақстан- бірегей экожүйелер мен сирек жануарлар түрлері мекендейтін ел болып саналады. АСБК- ның қызметі осы табиғи байлықты сақтау. Сонымен қатар бұл Қазақстанның табиғи ортасын қорғауда үлкен маңызға ие. Қазақстанның табиғи байлығын сақтау- тек бір ұйымның емес, бүкіл қоғамның міндеті, және АСБК осы жолда
көшбасшы рөл атқарып келеді.
Орындаған:Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы комьпютерлік технологиялар кафедрасы,медиажурналистика мамандығының 1 курс студенті Жұмабекова Еңлік

Автор: admin