• 19 сентября, 2024 8:16 пп

Табиғи өрттердің алдын алу бағытында кешенді жұмыстар шымкентте атқарылуда

Автор:admin

Авг 2, 2024

Шымкент қаласында табиғи өрттердің алдын-алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында табиғи өрттердің алдын-алу үшін арнайы қағидаттарда бекітілген. Табиғи  өрттердің белең алуының басым көпшілігі адамдардың алаңғасырлық, немқұрайлық және мәдениетсіздік әрекетіне байланысты. Ойланбай тастаған темекі тұқылы, сөнбей қалған от-осының  барлығы орны толмас үлкен қайғыға соқтырады. Ең бастысы-табиғи өртті ескерту, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, ұқыптылық.

Сондықтан табиғи өрттің  алдын алу және материалдық зардап шекпеу мақсатында келесі маңызды ережелерді естеріңізге саламыз;

— жазғы маусымда құрғақ, ыстық  және желді ауа-райында аулдық елді мекендер мен саяжайлық ауылдарда, бақшалық учаскелерде от жағуға, өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді;

— желді күндері қоқыс қалдықтарын жақпаңыздар, жаққан алаудың толық сөнгеніне көзіңізді жеткізіңіз;

— елді мекендер мен ұйымдардың аумақтары, ашық қоймалар мен құрылыстардың, ғимараттардың өртке қарсы қашықтығы, сондай-ақ тұрғын үйге, саяжайға және басқа да құрылыстарға жақын учаскелер жанармай қалдықтарынан, қоқыстан, құрғақ шөптерден, жапырақтардан дер кезіңде тазартылып тұруы, қажет;

— от жағу кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында жасөспірімдер мен балалар арасында әнгіме жүргізіңіз;

— темекі тұқылын және жанып жатқан отты мұқият өшіріңіздер.

Егер Сіз, табиғи, дала өртін не — немкұрайлық танытпай, арада өрт сөндіру бөліміне «101» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз. Естеріңізде болсын! Өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамаған кінәлі  тұлғалар жасаған құқық бұзушылығының ауырлығына сай Қазақстан Республикасының заңнамаларына, яғни Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы және қылмыстық кодекстерінде сәйкес тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапқа тартылады.

Jsk ақпараттық агенттігі

1670 символ

 

Автор: admin