• 25 ноября, 2024 7:36 дп

Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ – Сыртқы істер министрлігі

Автор:admin

Фев 6, 2023
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түспегенін мәлімдеді деп хабарлайдыJsk.kz ақпарат агенттігі.

 

Бүгінгі таңда Түркиядағы Қазақстан елшісі жергілікті төтенше жағдайлар басқармасымен байланыста екен.

«Түркия Республикасындағы елшілігіміздің ақпаратына сәйкес қазіргі таңда Қазақстан азаматтары жер сілкінісіне байланысты көмекке жүгінбеген. Қазір ҚР азаматтары зардап шеккендер көз жұмғандар тізімінде жоқ. Дегенмен қирандылардың көптігіне байланысты құтқару жұмыстары әлі жалғасуда», – деді ол.

Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы қуатты жер сілкінісі болды. Бұл туралы Мемлекеттік төтенше жағдайлар басқармасы (AФАД) мәлім етті.

Автор: admin