☑️Түркістан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың құрылыс жұмыстарының барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тікелей бақылауында.
☑️Осы орайда Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласындағы спорт және мәдениет нысандарын аралап, жауаптылармен кездесті. Кездесу барысында атқарылып жатқан жұмыстардың барысын саралады. Ертай Кенжебекұлы спорт, мәдениет саласын дамытуға күш салынатынын және бұл бағытта өңірге дарынды спортшылар мен талантты жастарды тартудың маңыздылығын айтты.
☑️Биыл Түркістан облысында 54 спорт нысанының құрылысы аяқталады деп жоспарлануда. Оның ішінде 25 спорт кешені, 11 спорт зал, 15 спорт алаңы, 1 футбол манежі, 1 ату алаңы бар. Аталған спорт нысандарының қатарында халықаралық Ескек есу каналы және Атшабар іске қосылады. Айта кетсек, өткен жылы өңірде 73 спорт нысанының құрылысы аяқталып, ел игілігіне пайдалануға тапсырылған.
☑️Бұдан бөлек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерде мәдениет саласындағы инфрақұрылымын дамыту мақсатындағы тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысында мәдени ошақтар бой көтеріп жатыр. Бүгінде облыста 700-ге жуық мәдениет және өнер мекемесі қызмет көрсетуде. Былтыр Отырар ауданында төрт бірдей мәдениет үйі пайдалануға берілсе, Сарыағаш және Келес аудандарында жаңа мәдениет ошақтары есігін айқара ашты. Биыл бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Жыл соңына дейін 7 мәдениет үйі халық игілігіне тапсыру жоспарланып отыр.