• 26 июля, 2025 8:22 дп

Түркістанда бюджеттік тәртіп пен ашықтықтыарттыру жолдары талқыланды

Автор:admin

Июл 25, 2025

2025 жылғы 24 шілдеде Түркістан облысы бойыншаішкі мемлекеттік аудит департаментінің ғимаратында«Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесінің тиімділігінарттыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Департамент басшысы, басшыныңорынбасары, құрылымдық бөлім басшылары, соныменқатар, облыстық деңгейдегі мемлекеттік органдарбілімбасқармасының басшысы, дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары, денсаулық сақтаубасқармасының бөлім басшысы, мәдениетбасқармасының бас маманы және өзге де жауаптымамандар арнайы келіп қатысты.

Жиында Қазақстан Республикасы Қаржыминистрлігі әзірлеген «Онлайн бюджеттік мониторинг»(ОБМ) жүйесінің тиімділігі, ағымдағы жағдайы жәнеөңірдегі іске асырылуы жан-жақты талқыланды. Бұлжүйеқұқық қорғау органдарымен өзара іс – қимыл шеңберінде бюджет қаражатын ысырап етудің алдын алуқұралы ретінде қолданылып отыр, яғни бюджеттіктәртіпті нығайтудың, шығыстардың ашықтығынқамтамасыз етудің және азаматтық бақылаудыдамытудың тиімді тетігі ретінде қарастырылуда.

Сонымен қатар өзара іс-қимыл шеңберінде ОБМ жүйесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ерте анықтауқұралы ретінде қолданылып отыр

Аталған дөңгелек үстелде ОБМ жүйесі арқылыТүркістан облысында 2024 жылғы қараша мен 2025 жылғы маусым аралығында күмәнді төлемдер бойыншатәуекелдер анықталғаны баяндалды. Оның басым бөлігібілім беру саласына тиесілі.

Департамент тарапынан аталған тәуекелдергебайланысты ресми жолданған хабарламалар, олардыңорындалуы және бірнеше хабарламаның тиісіншеорындалмағаны атап өтілді. Бұлқаржылық тәртіп пен бақылау мәдениетінде жүйелі кемшіліктер бар екенінкөрсетеді.

Жиын барысында сөз сөйлеген Департамент мамандары ОБМ жүйесінің нақты артықшылықтарынатап өтіп, мемлекеттік органдардың кері байланысыныңәлсіздігіне алаңдаушылық білдірді. Қаржының негізсізжұмсалу тәуекелдерін болдырмау, дәлелдемелік базанысапалы қалыптастыру, уақытылы жауап беру сындымәселелер жиынның негізгі күн тәртібінде болды.

Талдау нәтижесінде 63,5 млн теңгеден астам сомаға325 төлем бойынша бұзушылықтар расталып, оның 12 млн теңгеден астамы бюджетке өндірілгені, ал 6,7 млн теңгенің ісі құқық қорғау органдарына жолданып, сот процесі жүріп жатқаны айтылды.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар ОБМ жүйесін жетілдіру, күмәнді төлемдердің алдын алу, жауапты лауазымды тұлғалардың жауапкершілігінарттыру қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, әрбасқармаға нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Аталған дөңгелек үстел мемлекеттік қаржыныбасқарудағы жаңа форматтағы өзара ынтымақтастық пен ашықтықты дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

​​​​​​​​

А.Садыкбеков

Түркістан облысы бойынша ІМАД

жоспарлау, талдау, есептілік және

сапаны бақылау бөлімінің басшысы

Автор: admin