• 19 августа, 2025 9:43 дп

ТҮРКІСТАНДА ЖЫЛЫНА 120 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ЛАМИНАТ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Автор:admin

Авг 19, 2025

Түркістан қаласындағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағында облысқа тартылып жатқан инвестициялық жобаларды көрсету мақсатында БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз туры өтті.

Шара аясында журналистер алдымен тау-кен өндірісіне қажетті құрылғылар өндіретін «PSI Mineral Technologies» ЖШС-ң жұмысымен танысты. Жалпы аумағы 20 гектар аумақты алып жатқан кәсіпорынға 8,33 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарының бірінші кезеңі жүргізілуде.

Кейін БАҚ өкілдері толық циклды тоқыма өнімдерін өңдейтін «Kazakhstan Lihua» ЖШС-ң құрылыс жұмыстарын көрді. Кәсіпорында құрылыс жұмыстары 80 пайызға аяқталған. Қазіргі уақытта зауытқа қажетті құрал-жабдықтар жеткізілуде. Жобаның қуаттылығы жылына 11 тоннадан астам тоқыма өнімдерін шығарады. Бұл кешенге экономикалық аймақтан 44 гектар жер бөлінген. Тікелей тартылған инвестиция көлемі 86,2 млрд теңгені құрайды. Нысан аумағында зауыттан бөлек әкімшілік ғимараттар мен жұмысшылар үшін тұрғын үйлер салынуда. Кәсіпорын биыл күз айынан бастап жұмыс істейтін болады. Қазіргі таңда жұмысшыларды қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

Баспасөз туры соңында тілшілер 3 гектар аумақта орналасқан «Qaz Natural Laminat» ЖШС-на барды. Онда жылына 120 мың шаршы метр ламинат өндіретін зауыт салынуда. Жобаның жалпы құны 5 млрд теңге. Өндіріс орнында қазір құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin