• 21 ноября, 2024 8:55 пп

ТҮРКІСТАНДА ҚҰҚЫҚ ҚОРҒАУ ОРГАНДАРЫНЫҢ ҒИМАРАТТАРЫ САЛЫНЫП ЖАТЫР

Автор:admin

Фев 9, 2022

Алдағы уақытта Түркістан қаласы тағы да жаңа нысандармен толығады. Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев солардың бірқатарын аралап, құрылыс барысымен танысты.
Қазіргі таңда Түркістанда құқық қорғау органдарының ғимараттары салынып жатыр. Солардың бірі – Түркістан облыстық прокуратурасының ғимараты. Жеті қабатты нысанның құрылыс жұмысы 2021 жылдың мамыр айында басталған. Жалпы аумағы – 2,5 гектар, ғимараттың көлемі – 10 мың шаршы метрге жуық.
Шаһарда облыстық соттың жаңа кеңсесінің құрылысы басталды. Оған әкімшілік-іскерлік орталығынан 1,85 гектар жер телімі бөлінген. Сонымен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті орналасатын нысанның да құрылысы қолға алынған. Түркістан облыстық полиция департаментінің құрылысы да аяқталуға жақын. Облыс әкімі өңірдің дамуына ықпал ететін маңызды құрылымдарға арналған ғимараттар уақтылы әрі сапалы тапсырылуы тиіс екенін жеткізді. Жауапты басшылар мен мердігерлермен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдады. Тапсырмалар берді.
Әкімшілік-іскерлік аумағында жүзеге асып жатқан жобалармен танысқан соң Өмірзақ Шөкеев ескек есу базасында болды. Қазіргі уақытта ескек есу базасының тіреуіш қабырғалары мен су келетін каналына бетон құю және өзге де жұмыстары жүріп жатыр. Ал Түркістан қаласындағы олимпиадалық резерв мектебінің әкімшілік ғимараты мен жатақханасында ішкі инженерлік жүйелерді монтаждау, сыртқы қасбетін орнату, ішкі қабырғаларын сылау жұмыстары жүргізілуде. Бес қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 4184 шаршы метр. Жатын орындар саны – 202. Екі спорт нысаны да биыл ел игілігіне беріледі. Облыс әкімі спорттық нысандардың жастар ғана емес, жалпы тұрғындар үшін маңызды екеніне тоқталып, саламатты ұрпақ тәрбиелеуге жағдай жасау, спортты қолдау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Jsk ақпарат

Автор: admin