• 20 сентября, 2024 8:26 пп

ТҮРКІСТАНДЫҚ БАЛАЛАР ДӘРІГЕРІ 1 ЖАСАР СӘБИДІҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛДЫ

Автор:admin

Июн 14, 2024

 

Облыстық балалар ауруханасының дәрігер-эндоскописты Бабуржан Рахманқұлов 1 жас 3 айлық баланың өмірін сақтап қалды. Оның тыныс алу жолдарынан бөгде затты алып тастаған.

Анасының айтуынша бала кешкі сағат 22:00 шамасында полиэтилен пакетімен ойнап отырып, тұншыға бастаған. Жөтелден кейін өкпесінде сырылдар пайда болып, дем ала алмай қалған.

Жағдайының нашарлауына байланысты «Мақтарал» орталық ауруханасына жүгінген. Ауыр халіне байланысты бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Санитарлық авиация желісі арқылы облыстық балалар ауруханасының балалар торакальды хирургы мен реаниматологы ауруханаға ауыстырылды. Шұғыл түрде зерттеулер өткізіліп, бронхоскопия арқылы сол жақ негізгі бронхтың тауықтың сүйегі алынды. Нәтижесінде қауіп сейіліп, баланың денсаулығы қалыпты жағдайға түсті.

 

Автор: admin