• 24 декабря, 2024 5:52 пп

ТҮРКІСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНАН 3 МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ

Автор:admin

Июн 14, 2024

 

2024 жылдың 8-13 маусым аралығында Қытай Халық Республикасында жамбы атудан өткен (ат үстінде садақ ату) әлем чемпионаты аяқталды. Бұл чемпионатқа әлемнің 11 елінен, атап айтар болсақ Аустралия, Малайзия, Түркия, Қытай, Индонезия, Қатар, Қазақстан, Моңғолия, Тайпей, Макао, Пәкістан мемлекеттерінен 60-қа жуық спортшы қатысты. Қазақстанның намысын ұлттық құрамасының 4 мүшесі, соның ішінде Түркістан облысының спортшылары – Айтбек Сарыбай мен Батыр Бексауыт қорғады.

4 күнге созылған дүбірлі дода “Мажар”, “Азия”, “Император”, “Саран” стилдері бойынша өтті. Жарыстың алғашқы күні спортшылар “Мажар” стилі бойынша сынға түсті. Бұл стильде Батыр Бексауыт үздік үштікке ілініп, қола жүлде бұйырды. “Император” стилі бойынша ұлттық құрама мүшесі Айтбек Сарыбай салқынқандылықпен жарыс алаңына шығып, күміс жүлде иеленді.

Соңғы жарыс күні “Саран” стилі бойынша өтті. Бұрындары бұл нысананы көздеп көрмеген мергендеріміз ерледі. Батыр Бексауыт басты қарсыласымыз саналған моңғол спортшыларының алдын 1 ұпайға орап, алтыннан алқа тақты. Осылайша, Түркістан өңірінің өрендері 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен жамбы атудан Әлем чемпионатында үздік атанды.

 

Автор: admin