• 16 сентября, 2024 7:13 пп

ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР ГРЕППЛИНГ UWW СПОРТЫНАН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНДАРДАН КӨРІНДІ

Автор:admin

Июл 31, 2024

Ақтөбе қаласында грепплинг UWW спортынан жастар және жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Аталған жарыста Түркістан облыстық №4 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 1 қола жүлдеге қол жеткізді.
Атап айтар болсақ, 69 келі салмақта Ахат Жанғазиев алтыннан алқа тақса, осы салмақтың күміс жүлдесі Саят Нұрбергенге бұйырды. Ал, 42 келі салмақта Сағадат Нұрберген қола медальді қанжығасына байлады. Жеңімпаздар алдағы уақытта Астана қаласында өтетін Әлем чемпионатында бақ сынайды.

Автор: admin