• 24 ноября, 2024 4:09 дп

ТҮРКІСТАН: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ 37 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІН ҚАРАП, ШЕШІЛУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТТІ

Автор:admin

Фев 2, 2022

ТҮРКІСТАН: БАСҚАРМА БАСШЫСЫ 37 АЗАМАТТЫҢ ӨТІНІШІН ҚАРАП, ШЕШІЛУІНЕ ЫҚПАЛ ЕТТІ

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне әлеуметтік салаға қатысты өтініштер жиі келіп түседі. Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Темірбаева Әсия Құралқызы онлайн және офлайн форматта жеке қоғамдық қабылдау өткізді.

Ол алдымен қабылдауға жазылған тұрғындардың өтініштерін тыңдады. Азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек алу, азық-түлік және киім-кешекке мұқтаждық, тұрақты жұмысқа орналасу сынды тағы да басқа мәселелері қаралды. Мәселен, Түркістан қаласының тұрғыны Д.Сайфуллаева 2022 жылы атаулы әлеуметтік көмекке өітінш білдіргенде құжаттарының толық болмауына байланысты тағайындаудан бас тартылған. Өтініш иесі демеушілер тарапынан азық-түлік және киім-кешекпен қамтамасыз етілетін болады. Осы тектес түрлі жағдайлармен атаулы әлеуметтік көмек ала алмаған Кентаулық Г.Боранбаева мен М.Сейтімбетоваға қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының мамандарына жүгініп өтініш білдіру ұсынылды. Сондай-ақ партия филиалы тарапынан алда ұйымдастырылатын көмек түрлеріне енгізілетіні айтылды.

Жұмыссыздық мәселесіне байланысты да өтініштер қабылдау сәтінде шешімін тапты. Отырар ауданының тұрғындары М.Елеу мен А.Тулепбергенова аудандық жұмыспен қамту орталығына «Жұмыссыз» ретінде тіркеліп, 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың Ұлттық жобасы аясында ақылы қоғамдық жұмыс орындарына ақпан айының 1-нен бастап жұмыстарын бастады. Түркістандық азаматтар М.Зейдин мен А.Абдуллаевтар да ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылатын болды.

Басқарма басшысы Ә.Темірбаева партия филиалының әлеуметтік желідегі парақшаларында тікелей эфир арқылы облыс тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, талап-тілектерін назарға алды.

Қабылдауда жалпы 37 адам өз мәселелерін көтерді. Оның 24-і онлайн түрде болса, 13-і офлайн. Азаматтардың арыз-өтініштеріне ҚР заңнамаларына сәйкес түсініктемелер беріліп, оңтайлы шешілуіне дейін партияның бақылауына алынды.

Jsk ақпарат

Автор: admin