• 31 марта, 2025 4:59 дп

ТҮРКІСТАН: БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ТАҒЫ БІР ЕЛДІ МЕКЕН ГАЗҒА ҚОСЫЛДЫ

Автор:admin

Мар 28, 2025

✔️Бүгін Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылдық округіне қарасты Қазата елді мекенінде табиғи газ берілді.
⤵️Аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов тұрғындардың қуанышын бөлісіп, ізгі тілегін білдірді.
📌– Бұл жоба сіздердің үйлеріңізге жылу әкеліп, күнделікті өмірлеріңізді жеңілдетеді. Бүгінгі күн ауыл тарихында ерекше орын алады деп сенемін. Бұл – бірлік пен тынымсыз еңбектің жемісі. Табиғи газдың елді мекендерге берілуі – Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған саясатының жарқын көрінісі, – деді Ерлан Нұрмаханов.
✔️Салтанатты шараға аудан әкімдігінің өкілдері, ауыл ақсақалдары, жергілікті тұрғындар және жобаны жүзеге асырған мердігер мекеме өкілдері және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өңірлік филиалының директоры Ақылбек Абилдиев арнайы қатысып, тұрғындарды құттықтады.
✔️Қазата елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарын «Birlik Stroy1» ЖШС жүргізді. Газ құбырының ұзындығы – 10,335 шақырым.
✔️Енді 173 абонент «көгілдір отынның» рахатын көреді. Бұл бастама ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор ықпал етпек.
✔️Биыл жыл соңына дейін Бәйдібек ауданы бойынша 37 елді мекен немесе 42 935 халық (89%) табиғи газбен қамтылады. Бүгінде 9 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында жоба әзірленген. Қошқар ата елді мекеніне жеткізуші және ішкі газ тораптарының құрылысына жобалау-сметалық құжаттамалары жергілікті бюджет есебінен әзірленуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin