• 19 апреля, 2024 10:48 пп

ТҮРКІСТАН: КЕЗЕКТІ «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ОРТАЛЫҒЫ БАЛАЛАР КІТАПХАНАСЫНДА АШЫЛДЫ

Автор:admin

Апр 2, 2021

 

Бүгін оқырман қауымды адал жолға бастайтын бірегей жоба — «Парасат жолы» орталығы Түркістан қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар кітапханасында ашылды.

Ашылу рәсіміне ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Ғабит Жүндібаев, «Түркістан-адалдық алаңы» менеджері Нұржахан Әбуова, ақын, сазгер Гүлнар Шамшиева, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев және қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы Бақытжан Дүкенбай, сондай-ақ ұлағатты ұстаздар мен кітапхана қызметкерлері қатысты.

Шара барысында сөз алған Ғабит Өмірәліұлы орталықтың негізгі мақсаты — зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп, қоғамда адалдық, парасаттылық, ізгілік, әділдік құндылықтарының
аясын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жарқын үлгісін қалыптастыру екендігін жеткізді.

Руханият ошағында бастау алған бұл игі үрдіс алдағы уақытта да облысқа қарасты барлық кітапханаларда ашылып, киелі өңір парасат жолына жетелейтін орталықтармен толыға түспек.

Автор: admin