Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық үгіт-насихат Штабының адалдық құндылығына негізделган кезекті кездесуі Түркістан жоғары және көпсалалы жоғары медицина колледжі қызметкерлері арасында ұйымдастырылды.
Кездесудің негізгі мақсаты — ақпараттық түсіндіру жұмыстары арқылы тұрмыстық жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру.
ҚР-ның Қылмыстық және қылмыстық-процестік кодекстеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы Кодексіне енгізілген өзгерістер сөз болған жиында облыстық ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы пара алу, пара беру, делдалдық ету сынды қылмыстарға көрілетін жаза түрі күшейтілгенін мәлімдеді.
Үгіт-насихат жұмыстарының соңында дәрігерлердің үніне құлақ түріп, абзал жандар тарапынан қойылған бірқатар сауалдарға нақты жауап берді.