• 27 сентября, 2024 9:27 дп

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛ АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫНА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Автор:admin

Сен 27, 2024

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев пен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, мақта терім науқанына дайындық жұмыстарымен танысты.
Ең алдымен Ертай Кенжебекұлы «Хамро ата» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі мен қытайлық «Peng Sheng» компаниясымен біргелікте тамшылатып суғару технологиясымен өсірілген 351 гектар мақта алқабында болып, аудандағы шаруа қожалықтардың басшыларымен кездесу өткізді.

Автор: admin