Түркістан облысының 5 жылдығы мен Астана күніне орай бүгін Бәйдібек ауданында жаңадан ауыз су жүйесінің құрылысы аяқталған Ақжар елді мекеніне және қайта құрылымдаудан өткен Сарқырама елді мекеніне ауыз су берілді.
Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев Астана күнімен құттықтап, қос ауыл тұрғындарының қуаныштарымен бөлісті. Ауыл қарияларымен бірге салтанатты түрде лентасын қиып, ауыз су жүйесінің қондырғысын іске қосты. Мереке қарсаңында ауыз судың берілгеніне қуаныштарын білдірген екі ауыл тұрғындары атынан еңбек ардагерлері алғыстарын жеткізіп, баталарын берді.
Айта кетейік, аудандағы 50 елді мекеннің 44-де орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген болса, 1 елді мекен модулді су қондырғымен қамтамасыз етілген. Бұл аудандағы елді мекендердің 90 пайызын құрап отыр.