Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов бастаған бір топ депутаттар Халықаралық әуежайдың жұмысымен танысты.
Түркістан халықаралық әуежайыныңдиректоры И.Нұғманов депутаттарға мекеменің тыныс-тіршілігін таныстырды.
Халық қалаулылары әуежайды аралап, халыққа қызмет көрсететін тіркеу орындарын, паспорттық бақылау тіректерін, жолаушылардың күту залдарын, медициналық кабинетті, ана мен бала бөлмесін көрді және сондағы қызметкерлермен пікір алмасты.
Сонымен қатар, депутаттар халықтың қауіпсіздігі үшін ұшақтардың ұшу бағытын қаланың үстінен емес, қаладан тысқарыжерлерге ауыстыру бойынша «Казаэронавигация» республикалық мемлекеттік мекемесіне тиісті ұсыныс хат жолдайтындықтарын жеткізді.
Айта кетсек, бұл әуежай заманауи технологияларды қолдана отырып, халықаралық стандарттарға сәйкес салынған және құрылысы рекордтық мерзімде аяқталғанөңіріміздегі ірі нысандардың бірі болып табылады. Оның жалпы ауданы — 905 га, өткізу қабілеті сағатына 450 жолаушыны, жылына 3 миллион жолаушыны құрайды.
Бүгінгі таңда әуежай ішкі Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Орал, Ақтөбе, Қостанай қалаларына және халықаралық бағыттар бойынша Стамбулға, Кувейтке, Абу-Дабиге тұрақты рейстер орындайды.
Қазіргі таңда Түркістанның әуе айлағы облыстағы туризмнің дамуына үлкен үлес қосуда.
Жалпы, әуежайдың жай-күйімен танысқандепутаттар алдағы уақытта мекеменің дамуына өз қолдарынан келгенше қолдау көрсететіндіктерін жеткізді.