• 29 сентября, 2025 12:32 пп

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясында маңызды мәселелер қаралды

Автор:admin

Сен 29, 2025

2025 жылғы 26 қыркүйек күні сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясы өтті.
Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті он сегізінші сессиясының жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді.
Мәслихат төрағасы сессия жұмысының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауына тоқталып, онда айтылған міндеттерді бірлесе іске асыруға шақырды.
Сессияның күн тәртібінде 11 маңызды мәселе қаралды.
Бірінші мәселе бойынша Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяндама жасап, облыстың экономикалық дамуына тоқталды.
Оның айтуынша, облыста 8 айда жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеге жетіп, қысқа мерзімді экономикалық өсім 115,8% деңгейінде қалыптасқан. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оң өсімі сақталған. Өнеркәсіп саласында 982,3 млрд. теңгеге өнім өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,1%-ға артқан.
Бұдан бөлек, Түркістан облысының туризм басқармасы басшысының және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының есептері тыңдалды.
Депутаттар облыс әкімінің жұмысына жоғары баға беріп, жоғарыда аталған басқармалар тарапынан атқарылған жұмыстарды атап өтті. Халық қалаулылары шешім жобаларына өз ұсыныстарын енгізді.
Сонымен қатар, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Өз кезегінде облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.
Түркістан облыстық мәслихаты

Автор: admin