• 21 ноября, 2024 5:42 пп

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖАНЫНАН САРАПШЫ ТОП ҚҰРЫЛДЫ

Автор:admin

Янв 13, 2022

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағыттары бойынша іс-қимылдың келісілуі азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы танымындағы оң өзгерістердің және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тиімділігін арттырудың шешуші факторы болып табылады.

Осыған байланысты, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі — Департамент), көліктік бақылау саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне басталған сыртқы талдау жұмыстары шеңберінде:
— Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жан-жақты қарастыру және қоғамдық пікірді білдіру үшін жолаушылардың және жүк тасымалдаушыларының, кәсіпкерлік палатаның, үкіметтік емес ұйымдардың және өзге де мүдделі тараптардың өкілдері қатарынан сарапшы топ құрылды.

— Азаматтардың және кәсіпкерлердің жоғарыда аталған саладағы проблемалық мәселелерін жинақтау мақсатында, электрондық пошта және WhatsApp мессенджері арқылы кері байланыс арнасының іске қосылғанын хабарлаймыз.

Егер, Сіздің, көліктік бақылау саласында проблемалық мәселелеріңіз болса және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін байқасаңыз жоғарыда көрсетілген электрондық пошта мен WhatsApp мессенджеріне қалдырсаңыз болады.

Ескерту: хабарламалар тек жазбаша түрде қабылданады, қоңыраулар қабылданбайды!

Jsk ақпарат

Автор: admin