Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Тимур Сұлтанғазиев облысқа жасаған сапары барысында өңірдегі медициналық ұйымдарды аралап, алқа отырысын өткізді.Мәжілісте вице министр ана мен бала денсаулығын қорғау, тыныс алу, ас қорыту ағзалары және нерв жүйесі ауруларынан болатын өлім көрсеткіштеріне тоқталып, медициналық көмектің сапасын жақсарту жайын алға тартты. Сондай-ақ арыз шағымдарға талдау жасалды.
Жиында Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Асхан Байдувалиев медициналық-техникалық жарақтандыру, дәрімен қамтамасыз ету, ұйымдардағы жөндеу жұмыстары, жоспардағы ірі медициналық жобалар, «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасына тоқталды.
Айта кетейік, сапар барысында вице-министр Түркістан қалалық емханасына арнайы барып, егу кабинеттерінің жұмыс барысын бақылады.