• 21 сентября, 2024 11:35 дп

Түркістан облысындағы кәсіподақтар – ұйым мүшелігіндегі азаматтарға көмек беруде!

Автор:admin

Июл 11, 2023

Кәсіподақ – еңбек адамдарының мұң- мұқтажын, мүдделерін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік- экономикалық қолдау көрсететін басты ұйым. Елімізде болып жатқан түрлі жетістіктер мен жақсылықтарда кәсіподақ ұйымдарының қосып жатқан үлесі мол . «Еңбек адамына – лайықты өмір»,- де¬ген қағида бұл қарапайым еңбек адамына арналған ұран емес, әрбір азаматтың өмір сүру «аксиомасы» болуы тиіс . Осы мақсатта біз Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау кәсіподағының съезінде де қордаланған мәселелерді бірнеше рет көтерген болатынбыз . Бүгінгі таңда ол баяндамада айтылған көптеген еңбек адамдарына қатысты мәселелер түпкілікті шешімін тапты . Президентіміз Қасым Жомаорт Кемелұлының тікелей қамқорлығы арқасында жыл сайын денсаулық сақтау саласына қомақты қаржылар бөлініп, жаңа ауруханалар салынып, күрделі жөндеулер жүргізілуде . Материалдық- техникалық базаның жақсаруы жаңа ғылыми технологиялардың өмірге енуі еңбек адамының өмір сүруін жеңілдетуге өз септігін тигізуде. Заң саласындағы түрлі реформалар да, еңбек құқығындағы түрлі толықтырулар мен өзгерістер де бәрі тек еңбек адамының игілігі үшін жасалуда . Кәсіподақтар жұмысына Президентімізден бастап жергілікті әкімшілік билік те әрқашан қолдау білдіріп отырады . Жергілікті әкімшілік билікке сүйене отырып, кәсіподақ ұйымы еңбек адамының әлеуметтік мәселелерін шешуге атсалысуда . Мысалы ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандарға бір жолғы көмек, жеңілдетілген несие т. б. Кәсіподақ ұйымының араласуымен бюджеттік мекеме мамандарына коммуналдық пәтер беру мәселесі біртіндеп шешіліп келеді. Оқу гранттарының бөліну санының өсуінде де кәсіподақ ұйымының рөлін айта кету керек . Денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерімізбен қатар әлі де шешілмеген өзекті мәселелеріңізге кәсіподақ ұйымы бей-жай қарай алмасы анық . Медициналық қызметтің сапасы, мамандардың жетіспеушілігі, мардымсыз жалақы, түрлі еңбек даулары т.б. бүгінгі таңдағы кәсіподақ ұйымының алдында әлі шешуін таппаған өзекжарды мәселе. Мысалы жоғарғы медициналық оқу орнын бітірген Түркістан облысының жас мамандары 150 мың көлемінде айлық алса, ал мұнай-газ саласындағы жұмыс істейтін еден жуушы 200 мың теңге айлық алады . Енді екеуіне артылған жауапкершілікті салыстырып көріңіз . Денсаулық сақтау қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы бойынша орташа жалақы көрсеткіші орта деңгейдің 74% құрайды . Біз жас мемлекет ретінде шетел тәжірибесіне көп жүгінеміз. Ал сол шетелде ең ауқаттылардың қатарында дәрігерлер тұр, жылдық табысы 100 мың АҚШ долларына жуық . Азын-аулақ табысқа жұмыс істейтін дәрігерді қызметінің сапасы мен «Гиппократ» антына адалдықтан гөрі, өз асқазанының мәселесі көбірек ойландыратыны анық . Материалдық-әлеуметтік жағдайы толық қалыптасқан еңбек адамы ғана барлық білімін, күш-жігерін сапалы жұмыс істеуге жұмсамақ . Кәсіподақ ұйымдары осы сияқты мәселелерді оңынан шешілуге т.б. сұрақтарға жауап беруге тынымсыз жұмыс атқаруда . Осы орайда 2013 ж. 27 қарашасында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысында өткен кеңес туралы айтып өтуге болады. Кеңеске ҚР президенті әкімшілігінің басшысы К.Мәсімов, ҚР кәсіподақ федерациясының төрағасы Ә.Құсайынов, ҚР Денсаулық сақтау кәсіподағының төрайымы М.С. Бутина , еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі Т.К.Дүйсенова т.б. қатысты . Кеңесте еңбек адамдарына қатысты маңызды мына мәселелер қозғалды : -негізгі лауазымдық жалақыны (БДО) заңдық тұрғыдан бекітілген еңбекақының ең төменгі мөлшеріне ауыстыру; -өнеркәсіптік жарақаттануға жол берген, жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартпаған жұмыс берушілерден талап етуді күшейту (Бас прокуратура назарына); -шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын қызметкерлерінің мәртебесін азаматтық қызметші анықтап, әлеуметтік кепілдерін сақтап қалу мақсатында ҚР Еңбек Кодексі мен өзге нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін қарастыру (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне); -радиактивті қауіпті аймақта тұратындардың барлығына өңірге қашан келгенінен қарамастан жеңілдік алуға мүмкіндік беру (экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне); -экономиканы нақты секторындағы ахуалды жақсарту және әлеуметтік шиеленісті шешу мақсатында ҚР Еңбек кодексінің 124 бабына еңбек ақыны міндетті түрде индексациялауды көздейтін өзгеріс енгізу(еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне);

-ұжымдық шарттарды орындау жөніндегі рөлді күшейту; -облыс әкімдіктері еңбек қатынастары, конфликтология және психология мәселелері бойынша жұмыс берушілерді оқытуды ұйымдастыру жөніндегі облыстық орталықтарды құруды жеделдету; -салалық және өңірлік үшжақты комиссияларды қабылдаған шешімдердің орындалуына тиісті қадағалау жасауын ұйымдастырудағы және өз мәжілістерінде туындаған шиеленісті өтініштерді жедел, шұғыл қараудағы рөлін күшейту; -халықтың тұтынушылық шығындарынының құрлымы мен өңірлік климаттық жағдайларды есепке алып азық-түлік емес тауарлар мен қызмет түрлеріне белгіленген үлесті арттыра отырып, күнкөріс шегінің азық-түліктік және азық-түлік емес бөліктерінің ара-қатынасын қайта қарау . 1999 жылдан бері қолданыстағы «Күнкөріс шегі туралы»ҚР Заңын қайта қарау(еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне); -аса зиян және аса ауыр еңбек жағдайындағы жұмыста істейтін адамдарға мемлекеттік ар¬найы жәрдемақылар мөлшерін көтеру және шектеулі күнін алып тастау, (1998 жылдың 1 қаңтары) сондай-ақ №1 және №2 тізім бойынша берілетін мемлекеттік арнайы жәрдемақы мөлшерін республикадағы нақты өмір сүру деңгейіне сәйкес арттыру(еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне) . Осы хаттаманың орындалуын бақылау ҚР Президенті Әкімшілік Басшысының орынбасары Б.А Майлыбаевқа жүктелді . Бұл кәсіподақтың атқарып жүрген жұмыстың бір мысалы ғана . ҚР Президенті Қ.Ж Кемелұлы кәсіподақ белсенділерімен болған кездесуінде қәсіподақты – тұрақтылықтың тірегі, әлеуметтік еңбек қатынасының – базалық элементі деп атады және мемле¬кет пен кәсіподақтың алдына қойған мақсатының бірлігін ерекше айтып өтті . Кәсіподақтар туралы заң қазіргі кезде Парламенттің қаралуында жатыр, жақын арада жарыққа шығуын күтеміз. Президент жаңа заң кәсіподақтың рөлін күшейтіп қана қоймай көптеген міндеттемелерді жүктейтұғынын баса айтты . Әр азамат кәсіподаққа ерікті түрде, оның моральды және материалды көмегін, қорғаушы қызметін түсіне отырып мүшелік өтуі керек . Кеңес заманынан қалған кәсіподақты «тұтынушылық» орган ретінде, төленген жарнаны қандай жолмен болсын қайтарып алуға әрекеттену сияқты ойлар емес, керісінше өз мүшелерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде біріктіретін тәуелсіз, дербес мәртебелі қоғамдық ұйым ретінде қарауын сұрар едік . Өйткені кәсіподақ ҚР Конституциясына, заңдарына сәйкес қызмет істейді . Біздің ендігі басты мақсатымыз – Президент зор сенім артқан кәсіподақ жұмысын бүгінгі уақыт пен заман талабына сай ұйымдастырып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарапайым еңбек адамдары тағдырына қатысты түйіндерін дұрыс шешуге ат салысу . Сөзімізді мынандай өлең жол¬дарымен түйіндесек :

Кәсіподақ, сен, мен, ол.

Дейді бізге бірге бол

Бөлінгенді бөрі жер, бір шаңырақ ірге бол.

Бірлікке ол үндейді, алалауды білмейді

Сүрінгенде жығылып, қолтығыңнан демейді ! Сала қызметкерлерінің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары күннен-күнге жақсарып келеді. Бұл өркениетке қадам басу жолының айғағы десе де болады. Жүйелі түрде жыл сайын экономика алға басып, соның арқасында халықтың жағдайы жақсарып келеді. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға, білім беру саласына да қатысты оң өзгерістерге белсенді түрде қатысып, келе жатқан қоғамдық күш – кәсіподақ. Негізгі бағыт: Білім қызметкерлерінің мүддесін қорғау, ұжымдарда жақсы психологиялық климаттың қалыптасуы, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Кәсіподақ мүшелерінің жағдайларын жақсартуға атсалысып жұмыс істейді. Үш жақты келісім-шарт жасалады. Оның орындалу барысы жоспарлы түрде қаралып тұрады. Барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында ұжымдық келісім шарттар 2022-2023 оқу жылына жасалды. Ұжымдық шарт жасауға барлық ұжым мүшелері қатыстырылады. Әркім өзінің ұжымдық шартқа қажет деген ой-пікірлерін ортаға салуға мүмкіндіктер алады, олардың ой пікірлері ескеріліп ұжымдық шарттар жасалады. Ондағы көрсетілген шарттың орындалуын жиналыстар мен комитет отырыстарында қадағалап отырады. Кәсіподақ кеңесінің жұмысы жылдық жоспар бойынша жүргізіледі. Олармен семинар, кеңестер өткізіліп отырады.Тамыз айының аяғында әрбір мектептерді, пән кабинеттерін аралап, оқу жылына дайындығын көреді. Мектептердегі кәсіподақ ұйымдарының қоғамдық инспекторлары жұмыс істейді. Қоғамдық инспекторлармен жыл сайын семинарлар өткізіледі. Облыстық кеңес әрбір әдістемелік бірлістік жетешілеріне 25% төлемақы төлеу үшін Үкіметтің №1400 үкімі бойынша жұмыс жасап жатыр. Сонымен қатар Түркістан облысындағы барлық мектеп мұғалімдеріне жыл сайын коммуналдық көмек көрсетіледі. Түркістан облыстық кәсіподақ кеңесінің төрағасы М.Бейсеқұлов мұғалімдерге әрдайым қамқорлық көрсетіп, ұжымның жағдайын үнемі бақылап отырады. Облыстағы кез-келген іс-шаралар кәсіподақ ұйымының қолдауынсыз өтпейтіні мәлім. Әрбір мектептердегі бастауыш кәсіподақ ұйымының басшылары жеке кабинеттермен жабдықталып, қамтамасыз етілген. Сондай-ақ жыл сайын аудандық пән кабинеттер байқауы да болып өтеді. Тамыз кеңесінде байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие бол-ған кабинет меңгерушілері аудандық кәсіподақ комитетінен мақтау қағаздары, бағалы сыйлықтарымен марапатталып отырады. Жыл сайын «ЖЫЛ МҰҒАЛІМІ», « ЖЫЛ СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ», «ЕҢ ҮЗДІК БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ», «ЖЫЛ МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ», «ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР», атты байқаулар мен «ҚАУІПСІЗ ДӨҢГЕЛЕК», «БЫЛҒАРЫ ДОП», «ЖАС ҰЛАН» әскери-спорттық жарыстар өткізіледі. Осы байқаулар мен жарыстар, іс-шараларға аудындық кәсіподақ кеңесі демеушілік көмек көрсетіліп, мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар беріледі. Сонымен қатар аудандық кеңестің ұйымдастыруымен жыл сайын түрлі оқулар мен мүшайралар да болып тұрады. Республикалық «БАЛАПАН» бағдарламасы бойынша жаңадан ашылған балабақшалардың жағдайын көріп, әр кәсіподақ мүшелерімен танысып жиналыстар, кеңестер өткізілді. Түркістан облысындағы мектептерінде аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздарымызға да жағдайларын жасап, кәсіподақ ұйымының атынан берілген әртүрлі сауықтыру орындарына дем алуға жіберіледі . Ұстаз- кәсіподақ мүшелері «Түркістан-АРАСАН», «КӨКТЕМ», «САРЫ-АҒАШ» т.б. санаторийлерінде дем алады. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» №345 Заңының 19- бабы, 4 тармағына сәйкес «Мемлекет балалардың демалуға, сауығуға және бос уақытын пайдалануға құқығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырды». Осыған орай аудан мектептерінде 3 айлық жазғы лагерлер жұмыс істеді. Текелі қаласындағы «ЭДЕЛЬВЕЙС» , «АЛТЫН-ЧАЖА» сауықтыру мекемесіне де аудан мектептеріндегі аз қамтамасыз етілген, қамқорлықты қажет ететін жетім балалар дем алып келді. Соның ішінде жазғы шатырлы лагерлер де бар. Салауатты өмір салтын сақтауды ұйымдастыруға үлкен жұмыстар жыл сайын өткізіледі. Жыл бойы үш мезгілге бөліп, спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. Соның ішінде : футбол, волейбол, баскетбол, футзал, шахмат, дойбы, арқан тартыс, гір көтеру, тоғызқұмалақ т.б. түрлері бар. Жеңімпаздар аудандық кәсіподақ кеңесінен марапатталып тұрады. «Әкем, шешем және мен» атты спорттық жанұя әр мектептерде үнемі өткізіледі. Жеңімпаздарды марапаттау кәсіподақ ұйымының есебінен. Жыл сайын Түркістан облысындағы мектептеріне жас мамандар келеді. Ол жас мамандарға кәсіподақ мүшесінің билеттері табыс етілді. Аудандық кәсіподақ комитеті осы келген жас мамандарға да тиесілі көтермелі ақшаларын уақтылы алып беруге ықпал етіп отырады. Сонымен қатар жас мамандарға да пәтермен қамтамасыз етуге көмектеседі. Облысты кәсіподақ кеңесінің ұйымдастыруымен жас мұғалімдер арасында КВН ойындары да ұйымдастырылады. Түркістан облысындағы  барлық мектептерінде «Кәсіподақтар лайықты еңбекақы төлеу күресі жолында» атты тақырыбында жиналыстар мен митингтер болып өтті. Бұл жиналыстар мен митингтерді әрбір кәсіподақ ұйымының басшылары өткізді. Түркістан облысындағы барлық білім беру мекемелерінің кәсіподақ басшылары «Әділет» газетіне бірауыздан жазылып, шыққан мақалалар бойынша әр кеңестер мен жиналыстарда өз ойларын ортаға салып, талқылайды. Облыстық білім саласы қызметкерлерінің әлеуметтік қорғау жөніндегі кешенді бағдарлама мүмкіндігінше орындалып жатыр, орындалуы үнемі аудандық кәсіподақ кеңесінің назарында. Жылдың аяғында барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдарында құжаттарының ретке келтіруіне нұсқаулар беріледі және аудандық кәсіподақ кеңесінің тарапынан тексеріліп, ретке келтіріледі. Міне, осындай білім және ғылым қызметкерлерінің жанашыры кәсіподақ ұйымы әрдайым қасымыздан табылып, демеулік көрсетіп отырады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin