• 23 ноября, 2024 11:34 дп

Түркістан облысындағы кәсіподақтардың жүйелі жұмысы!

Автор:admin

Июл 10, 2023

Президентіміз республикадағы кәсіподақ қозғалысына аса мән беріп отыр. Бұл бағытта Түркістан облысының да кәсіподақ ұйымдарының да жұмыстары жаңарып, ұйым мүшелері арасында жыл сайынғы дәстүр бойынша облыстық фестивальдер, конкурстар, спортакиадалар жүйелі ұйымдастырылып келеді. Сайып келгенде, ол – бұқара мен билік арасындағы дәнекер. Кәсіподақ ұйымы қызметкерлердің заңды құқығын да қорғайды, олардың әлеуметтік ахуалын барынша жақсарту жөнінде жұмыс берушіге талап та қояды. Ұжымдық шарттың мүлтіксіз орындалуын да қадағалайды. Әйтсе де, бұл бағытта да бірқатар оралымсыздықтар бар. Кәсіподақтың рөлін төмендетіп, оның мәнісін терең түсінбеушілік кездеседі. Осы орайда Қазақстан мұнай-газ кешені қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Тілекқабыл ҚАБДОЛОВПЕН сұхбаттасқанбыз.  – Бүгінде, расында да, бұрынғыдай емес әлеуметтік міндеттердің біразы кәсіподақ құзырынан шығарылып, мемлекеттік құрылымдарға берілді. Бұл кәсіподақ рөлін біраз төмендетпей ме? – Рас, көптеген функциялар кәсіподақ құзырынан алынды. Әйтсе де, бұл – осы қоғамдық құрылымның маңызы жоғалды деген сөз емес. Кәсіподақ қазіргі нарықтық қатынастар кезінде өз қызметін қайта құрды. Енді жұмыс берушімен қарым-қатынас ұжымдық шарт негізінде жүргізіледі. Қызметкерлердің еңбек және тұрмыстық жағдайын жақсарту, санаториялық-курорттық емдеу мен демалысты ұйымдастыру, өзге де әлеуметтік шараларды жүзеге асыру осы құжатта көрсетілген міндеттемелер аясында жасалады. Еңбек адамының күнделікті кездесуі ықтимал мәселесін шешуге атсалысады. Қажет десеңіз, жұмыс берушімен бірге тұтас кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттырып, толымды табысқа жетуіне ұжымды жұмылдырады. Елбасының кәсіподақты қоғамның қозғаушы күші ретінде бағалауы да сондықтан. Жалпы, «Қазақмұнайгазкәсіподақ» комитеті қатарында 43237 мүше бар. Оның республиканың бес облысында 65 бастауыш ұйымы жұмыс жасайды. Бұлардың ішінде бесеуі заңды тұлға мәртебесіне ие. Негізі республикалық кәсіподақ федерациясы Атырау облыстық ұйымдарының базасында 2005 жылғы 22 ақпанда құрылған-ды. Сол жылғы 25 наурызда Әділет министрлігінде тіркеуден өтті. Оған да, міне, тура он жыл. Бұл ұйым, ашығын айтқанда, тәуелсіз мемлекеттердің мұнайгазқұрылыс кәсіподақтары мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының бірқатар салалық құрылымдарының қолдауымен өмірге келді. Үстіміздегі жылы «Кәсіподақтар туралы» Заңның күшіне енуіне орай биылғы 10 наурызда қайта тіркеуден өтті. Біздің сапымызда «Ембімұнайгаз», «Өзенмұнайгаз», «СНПС-Ақтөбемұнайгаз», «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз», «Мәтен Петролеум», «Сайпем СПА» акционерлік қоғамдары бар. Сонымен қатар, «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В.», «ҚазГерМұнай», «ҚазМұнайГаз-Бұрғылау», «Ақтөбемұнаймашкомплект» және тағы басқа отандық және шетелдіктермен бірлескен компаниялар да қатарымызда. Ал, бұлардағы кәсіподақ ұйымдары – үлкен күш. Олар ұжымдағы еңбек адамдарының құқықтарын лайықты қорғап отыр. Жалпы, қызметкерлердің құқықтарын қорғау – жұмыс берушінің ішкі ісіне араласып, орынсыз нәрсені талап ету емес. Заңнан тыс әрекетке баруға кәсіподақ ұйымына да рұқсат берілмеген. Жалпы, білесіз бе, республикалық мұнай-газ кешені қызметкерлері кәсіподақ ұйымының тарихы еліміздің батыс өңірінен басталады. Сонау 1920 жылғы 19 қаңтарда Доссор және Ракуша кен орындарының жұмысшылары бірігіп Орал-Ембі фабрикалық-зауыттық комитетін құрған. Міне, сол құрылым мұнай-газ саласы кәсіподақ ұйымының бастауы саналады. Ол содан бері өндіріспен бірге дамып, Ембі еңбекшілерінің сан тарау проблемасын шешіп  келеді. – Күрмеулі түйіндерді  шешуде қандай оңды тәжірибелер бар? – Жалпы, қандай күрмеулі мәселені де бейбіт жолмен шешуге болады. Түйіні  тарқамайтын проблема жоқ. Соның ішінде, кәсіподақ комитеті жүйелі жұмыс жасайтын еңбек ұжымдарында заң бұзушылыққа да жол берілмейді. Бұларда ұжымдық шарт та сауатты жасақталады. Ал, бұл құжатта жұмыс беруші мен қызметкердің өзара міндеті мен құқығы толық жазылған. Тек соны бұлжытпай орындау қажет. Мәселен, он жылда төрт салалық келісімге қол қойылды. Соның нәтижесінде жоғарылатылған салалық коэффициент бекітілді, қазір сол бойынша жұмыс жүруде. Ал, 2013 жылы бұл келісімге мұнайхимия саласының кәсіподағы да қосылды. Сонымен қатар, былтырдан бастап кәсіпорындарда еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін енгізу шаралары басталды. Алдыңғы жылы біздің қатарымызға қызметкерлердің жалпы саны 11 мың адамнан асатын заңды тұлға мәртебесімен Ақтөбе облысының төрт, ал былтыр Маңғыстау облысының үш кәсіподағы қосылды. Демек, сенім де артып отыр. Оның үстіне, қарым-қатынас тұрақтылығын және мүшелеріміздің ынтымақтастығын көрсете отырып, жарғылық шаралардың кең желісін өткіземіз. Кәсіподақ белсенділерінің көшпелі семинарларын ұйымдастыру тұрақты тәжірибеге айналды, ақпараттық жүйе құру қолға алынды. Сөйтіп, 18 ақпараттық бюллетень жарық көрді. Өткен жылдан бері дербес сайт жұмыс жасайды. Мұның бәрі кәсіподақ қызметінің пәрменділігін көрсетеді. Нарық заманында бағаның да тұрақсыздығы байқалады. Бәзбіреулер мұнайшылардың жалақысы көптігін, олардың тұрмыс деңгейінің жоғарылығын жиі айтады. Рас, «қара алтын» өндірушілердің табысы бюджетттік мекеме қызметкерлерімен салыстырғанда көбірек. Бірақ, олардың да әлеуметтік құқықтары қорғалуы керек. Күнделікті тұтынатын тауарлар мен азық-түлік бағасының өзгеруі мұнайшылардың да отбасылық бюджетіне кері әсер етеді. Міне, сондықтан, кәсіподақ бұл бағытта тұрақты мониторинг жүргізеді. Жинақталған мәлімет барлық кәсіподақ ұйымдарына жіберіледі. Олар өз кезегінде бағаның қымбаттауына байланысты қызметкерлердің еңбекақасын көтеру жөнінде жұмыс берушімен келіссөздер жүргізеді. Бұл талап ұжымдық шартта көрсетілуі тиіс. – Кәсіподақ ұйымдары жөнінде сөз болды ғой. Сайып келгенде, орталықтың мықты болуы соларға байланысты емес пе? – Мен жоғарыда біздің сапымыздағы ірі кәсіпорындар мен солардағы кәсіподақ ұйымдарының бірқатарын атап өттім. Осыларға жетекшілік етіп отырған жандар – сол ұжымда үлкен беделге ие болғандар. Есеп беру-сайлау жиналыстарына қатысып жүрмін ғой, ешқайсысы да бір сарынды өткен емес. Қызметкерлер жетістіктермен қатар, қордаланған проблемаларды да батыл айтады. Егер соларды шешуге кәсіподақ басшылары дер кезінде араласпаса, мұндайларға сенімсіздік білдіріледі. Сайлауда дауыс ала алмай, орындарын өзгелерге босатып жатқандары да бар. Ал, біз кәсіпорындардағы кәсіподақ ұйымдарымен әркез тығыз байланыстамыз. Белсенділерін барынша марапаттауға ұмтыламыз. Мамандар алыс-жақын шет елдерде білімдерін жетілдіреді, халықаралық семинарларға қатысады. Бүгінде елу шақты белсендіміз – «Қазмұнайгазкәсіподақтың» «Құрмет» белгісіне ие. Әйтсе де, сол бастауыш кәсіподақ ұйымдары мықты орталықтың арқасында өздерін сенімді сезінетіндіктерін айтқан абзал. «Бірлік болмай, тірлік болмайды» дегендей, әркім әр жаққа тартса, жұмысшының да, жұмыс берушінінің де алдында түк беделі болмайды. Халқымыздың бағзы заманнан бізге жеткен аңызында айтылғанындай, бір шыбықты сындыру оңай. Ал, жүз шыбықты сындыра алмайсың. Дана қазақ бірлікті меңзегенде осыны мысалға келтірген. Сайып келгенде, біздің қоғамдық бірлестігіміздің табысты қызметінің нәтижесі – бастауыш ұйымдардағы жұмыстардың жемісі. Солардағы кәсіподақ комитеттерінің төрағалары кәсіпорын басшыларымен бірлесіп барлық шаруаны тындырып отыр. Әлі де атқара береді. Турасын айту керек, ірі жобалар жүзеге асып жатқан жерде жан-жақтан келген мамандар тоғысады. Қазір еліміздің батысындағы мұнай-газ кеніштерінде шетелдіктермен бірлескен үлкен жобалар қолға алынған. Ендігі міндет – сондағы қазақстандық мамандардың құқығын қорғау. Сөз жоқ, ертеңгі күні сырттан келгендердің жалақысы көптігі, отандық жұмысшылардікі аздығы жөніндегі әңгіме айтылады. Соны да қолданыстағы заңдылықтар негізінде реттеуге тура келеді. Әрине, шеберлігі әбден шыңдалған, әлемдік деңгейдегі толымды тәжірибеге ие шетелдік мамандар қажет. Оларға лайықты жалақы да төленуі тиіс. Бірақ, инвесторлардың өздерімен бірге ортанқол жұмысшыларды да ала келулеріне жол беруге болмайды. Өзімізден табылатын мамандарды да сырттан шақырудың қажеті жоқ. Міне, осындай мемлекеттік маңызы бар іске де біздің кәсіподақ белсене араласады. Қазір халықаралық ынтымақтастық тұрғысында біраз іс тындырылды. Егеменді елдердің мұнайгазқұрылыс кәсіподақтарының конфедерациясымен байланысымыз бар. Бұдан басқа 2007 жылдың қарашасында Industri ALL жаһандық одағына қабылдандық. Ақырында, 2008 жылдың қазан айында Ресей Федерациясының мұнайгазқұрылыс кәсіподағымен өзара ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Міне, соның бәрі біздің мүмкіндігіміздің молдығын көрсетпей ме? Демек, Елбасы айтқанындай, кәсіподақ өзінің қоғамның қозғаушы күші ретіндегі маңызын жойған жоқ. Ол төңірегіне еңбек адамдарын барынша мол шоғырландырып, еліміздің тұтастығын сақтап, экономикасын нығайту жолында жұмысын жалғастырады. Кез келген іргелі кәсіпорындар мен үлкен өндіріс орындарында жұмысшылар мен ұжым мүшелерінің мүддесін қорғайтын және оларды қолдайтын ұйым болады. Ол кәсіподақ деп аталады. Бірақ біз өзіміз көбінесе кәсіподақтың қызметін біле бермейміз. Білсек те, назар аудара бермейтініміз рас. Кәсіподақ санаторий мен емдеу сауықтыру орындарына жолдама берумен ғана шектелмейді. Оның жұмысшыларға берер қолдауы өте үлкен.

Ақиқатына келсек, кәсіподаққа мүше болу – ол сенің үлкен мүмкіндігің.

Ал сол мүмкіндікті біз жеткілікті пайдаланып жүрміз бе? Бұл сауалды әркім өзіне қоя білуі керек деп ойлаймын. Жалпы кәсіподақ не үшін құрылады?

Ендеше мұны шама келгенше, саралап, оның жұмысын таразылап көрелік.

  1. Жалпы әлемдік тарихқа сөз салсақ, Халықаралық еңбек конфедерациясы 200 жылдан асьам уақыттан бері өмір сүріп келеді.
  2. Қазақстан 1993 жылы «Кәсіподақ туралы» заң қабылданды. Оған кейіннен толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.
  3. Кәсіподақтың жарғылық міндеттері бар.
  4. Кәсіподақ жұмысшылардың мүдделері мен құқын қорғайды.
  5. Сондай-ақ жұмыс берушіге жұмысшылардың мүддесін қорғау және қолдау үшін өз ұсыныстарын өткізіп отырады және заңдық негізге жүзеге асуына атсалысады.
  6. Еңбек қауіпсіздігін барынша сақтауға және оны белсенді қорғауға атсалысады. Жұмысшылардың біреуі жазатайым өндірістік жарақат алып қалса, міндетті түрде олардың мүддесін қорғайды.
  7. Тиісті заңдылықтарға сәйкес, ешкім де кәсіпоақты құруға кедергі бола алмайды. Кімде-кім оған бөгет жасайтын болса, ол заң аясында жауапқа тартылады.

Ал кәсіподаққа кімдер мүше бола алады? Оған кез келген адам мүше бола алады. Кәсіподаққа мәжбүрлеп мүше ету деген жоқ. Бұл мүмкін емес нәрсе. Сондықтан оған еріктілер ғана кіреді. Кәсіподақ кез келген жұмыс орнында бар. Көп жағдайда кәсәподақтың жұмысы немесе оның төрағалығы қоғамдық негізде жүзеге асырылады. Кәсіподақ мүшелері заңның аясында көптеген іс-шаралар мен акциялар өткізеді. Бұл әрине белгіленген кестеге, әртүрлі мерекелер шараларға қатысты болуы мүмкін.

Кәсіподақ ең алдымен жұмысшылардың немесе өз ұйымына мүше азаматтардың құқын қорғайтынын айттық. Атап айтқанда бұл қандай талап болуы мүмкін?

-Кәсіпоақ өз азаматтараның құқын қорғау үшін сотқа талап-арыз түсіре алады;

-Еңбек дауын шешуге қатысуға толық құқы бар;

-Заңда көзделген немесе рұқсат етілген тәртіп бойынша митинг, жиын өткізе алады.

-Жұмысшыларының мүддесін сотта қорғайды;

-Жұмысшылардың мүддесіне сай келетін қандай да да бір басқа ұйыммен немесе бірлестікпен келісімшартқа отыра алады;

-Қоғамдық бақылауды жүзеге асырады;

— Тиісті ресми орындарға  еңбек, тұрғын үй және зейнетақыны реттеуге қатысты мәселе қоюға мүмкіндігі бар;

­- Кәсіподақтың заңнамасын бұзушыларға қарсы іс қозғау туралы мәселе қоя алады;

-Жұмысшылардың еткен еңбекақысын дұрыс төлеуге қатысты жұмыс берушіге талап қоюға қашан да құқылы;

Біз әрине, аталған мақала барысында кәсіподақ ұйымының қоғамдағы рөлі туралы айттық. Негізінен бұл керек және сондықтан кәсәподақ өз мүддеңді қорғайтын және қолдайтын ұйым. Сондықтан да кәсіподақ ұйымына мүше болғандар барлық істі заңдық негізде жүргізеді және мұның тиімділігі де зор болмақ. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға, білім беру саласына қатысты оң өзгерістерге белсенді түрде қатысып келе жатқан қоғамдық күш – кәсіподақ. Еңбек адамына түсер қиындықты жеңілдетуде, еңбек заңдылықтарының сақталуын бақылауда, кәсіподақ мүшелеріне материалдық-моральдық қолдау көрсетуде кәсіподақтың атқарар еңбегі көп. Облыстық кәсіподақ комитетінің жұмысы – негізінен білім беру ұйымдарындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен тығыз байланыста. Білім қызметкерлерінің мұң- мұқтажын, мүдделерін, еңбек құқығының бұзылмауын қадағалап, оған әлеуметтік- экономикалық қолдау көрсетуде кәсіподақ комитетінің ықпалы өте зор. Сондықтан да қызметкерлердің кәсіподаққа сенімі арта түсуде. Барлық күш-жігерін мектеп өміріне арнап, болашақ ұрпақты білім нәрімен сусындатып жүрген ұстаздарын жұмыспен қамтылуға, жұмыстан босатуға, жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы мен режиміне, тағы басқа туындайтын мәселелерін шешуде кәсіподақ ұйымы елеулі рөл атқарады. Бүгінгі күні облыс бойынша 43 білім беру ұйымдары ұжымдары Түркістан облысының білім саласы қызметкерлері кәсіподақ комитеті  филиалына біріктірілген. Ұйымда 23181 кәсіподақ мүшесі бар. Облыс бойынша  әлеуметтік әріптестік аясында жергілікті бюджеттен селолық елді мекендерде қызмет атқаратын педагогтерге коммуналдық қызметке 2019 жылы 7575 (3 АЕК) теңгеден төлем жүргізілсе, осы жылы 14585 теңге ( 5АЕК)  деңгейіне болса, алдағы уақытта 29170 (10 АЕК) теңгеге  көтеруге ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Кәсіподақ ұйымының ең қуатты құралы – бұл ұжымдық шарт. Ұжымдық шарт талаптарының орындалысы үнемі бақылауда. Елімізде болған төтенше жағдай жарияланған уақытта да ұжымдық шарт талаптарына сәйкес, еңбек ұжымдарына қызметкердің кінәсінен емес бос тұрып қалу уақытында еңбекақы жүз пайыз төленді.  Мәдени іс – шаралар мен спорттық бұқаралығын арттыруда және салауатты өмір салты бойынша кәсіподақ ұйымының аудандық кәсіподақ ұйымымен бірлесіп атқарып отырған жұмыстары жетерлік. Аудандағы кез-келген іс-шаралар кәсіподақ ұйымының қолдауымен өтеді. Мұғалімдердің сабақтан бос уақыттарын тиімді пайдаланып, демалуларына мүмкіндік жасау мақсатында демалыс бөлмелері ашылған. Бұл бөлме бос уақыттарында газет-журнал оқып, соңғы жаңалықтарды көруге теледидар, шайларын ішуге қажетті ыдыс аяқтар,стол – орындықтар, диван-креслолар, мұздатқыш орнатылған, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ ойындарын ойнауға да жағдай жасалған. Биылғы жылы осы үрдіс жалғасын тауып Түркістан қаласындағы №35 және Егіндібұлақ ауылында  №43 орта мектептерде қызметкерлердің демалыс бөлмелері ашылып, материалдық базасы жабдықталды. Республикалық «Қуан Сәби» акциясы шеңберінде жетім балалар және ата –анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық көмек көрсету мақсатында  жасөспірімдерді қамқорлыққа алған білім саласында қызмет атқаратын жанұяларға планшеттер табысталды. Демалыс орындарға денсаулығын нағайтуға байланысты шипажайларда демалып келген ұстаздардың жолдама ақысының 30% аудандық кәсіподақ ұйымы тарапынан беріледі. Биылғы жылы аудан бойынша 36 кәсіподақ мүшесінің денсаулығын сауықтыруға кәсіподақ комитеті көмек көрсетті. Бұл да болса, мұғалімінің оқушы бойына білікті білім мен тәлімді тәрбие бере алуына кәсіподақ ұйымының жағдай жасауы деп түсіну керек. Салауатты өмір салтын сақтауды ұйымдастыруға үлкен жұмыстар жыл сайын өткізіледі. Жыл бойы үш мезгілге бөліп, спорттық жарыстар өткізіліп тұрады. Соның ішінде: футбол, волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ түрлері бар. «Әкем, шешем және мен» атты спорттық жанұя әр мектептерде үнемі өткізіледі. Жеңімпаздар аудандық кәсіподақ комитетінен марапатталып тұрады. Сонымен қатар, әлемде болып жатқан пандемияға байланысты білім алушыларды қашықтан оқыту үшін көмек ретінде ауданның 80 кәсіподақ мүшелеріне компьютер алуға 4 миллион теңгеге әрқайсысына 50000 теңгеден сертификаттар берілді. 2022-2023 оқу жылында мектеп табалдырығын алғаш аттап 1 сыныпқа балалары барған 162 кәсіподақ мүшелеріне кеңсе заттарын алуға сертификаттар  берілді. Биылғы қыркүйек айының ортасында ZOOM платформасы арқылы онлайн түрде кәсіподақ отырысы өткізіліп, күн тәртібінде кәсіподақ жұмысын ұйымдастыру, одан әрі дамыту және ҚР Президенті Жолдауында айтылған негізгі мәселелер талқыланды. Жиын барысында алдағы уақытта ұстаздар күні қарсаңында, мереке күндерінде ұстаздардың ерең еңбегін елей отырып, кәсіподақ ұйымы атынан марапаттау үшін қосымша шаралар қабылданды. Кәсіподақ ұйымына бірлік, ынтымақ тілеп, ұстаздарды ынталандырып, ұжымның сый-құрметіне бөлене берулеріне тілектеспіз. Кәсіподақ қай уақытта да еңбек адамымен бірге. Сондықтан, кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғаудағы, еңбек заңдылықтарының орындалуын бақылаудағы жұмысымызды жандандыра береміз.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin