Түркістан облысында «Бала шешеннен-дана шешенге» атты мектеп оқушылары арасындағы шешендік өнерді дәріптеу мақсатындағы республикалық байқау өтеді. Бұл туралы өткен брифингте «Қазыбек би» қоғамдық қорының төрағасы Пернетай Досыбеков мәлімдеді.
«Бұл бастама ел аумағында кең көлемде тұңғыш рет өткізілуде. Ұйымдастырылып жатқан іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып, жастар арасында шешендік өнердің танымалдылығын арттыру. Бұл іс-шара қазіргі таңда республикамыздың түрлі аймақтарында өткізілуде. Байқаудың шешуші кезеңіне еліміздің барлық өңірінен қатысушылар келеді. Ал ақтық сын алдағы сәуір айында қасиетті Түркістан қаласында өтпек. Айта кетейік байқаудың облыстық кезеңі Сайрам ауданында ұйымдастырылып, оған 300-ге жуық оқушы қатысты»-деді спикер.
Сонымен қатар, баспасөз жиынында «Төле Би» және «Әйтеке Би» қоғамдық қорларының төрағалары өткізіліп жатқан іс-шаралардың ауқымы мен өткізілу тәртібі туралы баяндады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі