• 23 ноября, 2024 5:22 пп

Түркістан облысында мүмкіндігі шектеулі жандар сайлауға белсенді қатысуда

Автор:admin

Ноя 20, 2022

 

Сайрам ауданына қарасты Манкент ауылдық округіндегі №604 сайлау учаскесіне келген І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Данияр Мамадиев алғашқылардан бірі болып өз таңдауын жасады. Сайлау учаскесінің төрағасы сайлауға келіп өз азаматтық белсенділігін танытқан азаматқа ризашылығын жеткізіп, сыйлық табыс етті. Ал, Жетісай ауданы бойынша 75 сайлау учаскесіне ерекше жағдайларды қажет ететін мүгедектігі бар 1151 сайлаушы тіркелген.
Олардың 83-і кресло-арбаларды пайдаланса, 486 тұлға көру қабілетінен толық айырылған азаматтар. Ал, 582 сайлаушынің есту, сөйлеу қабілеті жоқ. Бүгінде барлық сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар адамдарға қолайлы жағдай жасалған. Пандустар, токтилді жолақтар, сілтеуіштер, арнайы бұрыштармен қамтамасыз етілген. Одан бөлек, үйінде дауыс беретін сайлаушыларға сайлау учаскелерінің комиссия мүшелері заңдылықтар мен ереже-талаптарды сақтай отырып, өз таңдауларын жасауға мүмкіндіктер жасауда. Ал, мүгедектігі бар өздігінен жүріп-тұра алатын жандарға инватакси мен әлеуметтік такси қызметі, еститін және естімейтін адамдар арасында делдалдық қызмет көрсетуге байланысты арнайы маман бекітілген.

Автор: admin