• 21 сентября, 2024 11:36 дп

Түркістан облысында 738 қоғамдық бірлестік тіркелген.

Автор:admin

Июл 11, 2023

Оның ішінде 577-сі — үкіметтік емес ұйымдар. Өңірде ҮЕҰ саласында сұхбат ұйымдастыру шеңберінде 35 сұхбат алаңы жұмыс істеп тұр. Облыстық және 16 аудандық, қалалық ақпараттық-ресурстық орталық бар. Әкімдіктер жанындағы кеңестер мен комиссияларға ҮЕҰ өкілдері енгізілген. Барлық деңгейдегі кеңестер жоспарға сәйкес жылына 2 рет жиын өткізіп, іс-шараларды бағдарлайды. Облыстық басқармалар мен аудан, қала әкімдіктері жылына 2 рет азаматтық қоғам институттарымен атқарған жұмыстары туралы есеп береді. Облыста үкіметтік емес ұйымдармен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша бірнеше басқарма мен аудан, қала әкімдіктері жұмыс атқарады. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған әлеуметтік-маңызды жобалардың тақырыптары мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға және әр саладағы өзекті мәселелердің алдын алуға арналған. Қазіргі таңда 72 заңды тұлға, оның ішінде 45 үкіметтік емес ұйым мен 27 бизнес құрылымы енген «Түркістан облысы Азаматтық альянсы» қауымдастығымен тығыз байланыста жұмыс атқарылып келеді. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ширату және қолдау мақсатында облыстың барлық аудан, қалаларында ақпараттық интернет-ресурстық орталықтар ашылған. Б.Тәжібаев ҮЕҰ өкілдеріне белсенділікті арттырып, Президент Жолдауында айтылған міндеттерді бірлесіп атқаруға, Түркістанды көркейтуге үлес қосуға шақырды. Осы кездесуде айтылған ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті жұмыстар қолға алынады. Еліміз тəуелсіздік алғаннан кейнгі қысқа мерзімнің ішінде қоғамның өмір тіршілігін өзгертіп, жаңа саяси жүйе қалыптастыруда экономика мен əлеуметтік салаларды реформалауда іргелі табыстарға қол жеткізді. Ұтымды əрі кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүргізіліп жатқан қомақты іс- шаралардың оң нəтижелері еліміз таңдаған жолға деген халықтың сенімін нығайтуда. Дегенмен, өтпелі кезеңнің күрделі экономикалық жəне əлеуметтік мəселелерді шешкен сайын, қоғамның даму деңгейіне сəйкес халықтың өмір тіршілігін тиімді ұйымдастырудың жаңа жəне аса күрделі мəселелері күн тəртібіне қойылып отыратыны бəрімізге түсінікті. Еліміз іргесінің бұзылмай, тыныштығы мен тəуелсіздігін сақтап, экономикасы мен мəдениетін ілгері тұрған елдермен теңестіру үшін бүгінгі күннің шындық болмысына жауап беретін мемлекеттік басқарудың жетілген жүйесі қажет. Қазіргі кезенде қоғам мүшелерінің саяси санасы мен көзқарасын қалыптастыруда, саяси бағыт- бағдарлары мен ұстанымдарын жетілдіруде олардың саяси үрдістерге белсене қатысуының маңызы зор. Қазақстан Республикасындағы демократиялық сайлау үрдістері барысында халықтың электронды саяси белсенділігі мəселесі саяси ғылымдағы жəне қоғамдық-саяси өмірдегі өзекті мəселелердің бірі болып саналады. Сонымен бірге халықтың саяси белсенділігі мəселесін зерттеуде қазақстандық қоғамның саяси жаңғыруы жағдайындағы өзекті мəселелер ауқымына талдау жасау, сайлау үдерісіне баға беру, аталған мəселе жайындағы саяси ойшылардың ой-тұжырымдарын сараптауда шешуші рөльге ие. Қазақстан Республикасында азаматтарға тəн саяси құқықтары дегеніміз не? Қазіргі кезде бұл сұрақ төңірегінде өзекті мəселелер туындап жатыр, оған дəлел болып, мемлекеттік басқаруға жəне қоғам өміріне қатысуға бірлестіктер мен саяси партиялар құру, сөз бостандығы щеңберінің кең болуы. Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кəсiптiк одақтар жəне азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшiн ерiктi негiзде құрылған, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi қоғамдық бiрлестiктер деп танылады. Қоғамдық бiрлестiктер коммерциялық емес ұйымдар болып табылады. Қоғамдық ұйым мүшелікті бекіту негізінде құрылады, ал қоғамдық бірлестік оған ие болмайды. Қоғамдық қор – заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ерікті төлем негізінде жəне əлеуметтік, қайырымдылық, мəдени, оқулық жəне өзге қоғамдық-пайдалы қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдастырылған коммерциялық емес ұйым. Қоғамдық мекемелер – басқармалық, əлеуметтік-мəдени жəне өзге де коммерциялық сипаттағы емес қызметтерді жүзеге асыру үшін меншікті тұлғалармен құрылатын мекемелер. Өзідігінен қоғамдық өнер органдары белгілі мүдделер аясындағы тұрғылықты жер, жұмыс немесе оқу бойынша нақты əлеуметтік мəселелерді шешу үшін құрылады. Көрсетілген қоғамдық бірлестіктің ұйымдық-құқықтық нысандары саяси партиялар, көпшілік қозғалыс, кəсіби одақтар, əйелдік, ардагер ұйымдары, мүгедектер ұйымдары, жастар жəне балалар ұйымдары, ғылыми, техникалық, мəдени-ағартушылық, мəдени-спорттық жəне басқа да ерікті қоғамдар, шығармашлық одақтар, қауымдастықтар жəне өзге де азаматтардың бірлесуі ретінде қызмет ете алады. Ерекше мəртебеге коммерциялық мақсаттарды көздейтін немесе басқа кəсіпорындар мен ұйымдардарға пайда түсіруге жəрдемдесетін, сондай-ақ діни ұйымдар, аумақтық қоғамдық өзін-өзі басқару ұйымдары, сонымен бірге халықтың өздігінен өнер көрсету органдары (халықтық дружиналар, жолдастық соттар жəне т.б.) кооперативтік жəне өзге де ұйымдар ие болады. «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңы оқу үрдіс қызметімен байланысты əрекет ететін мектептік, студенттік бірлестікке таралмайды. Қоғамдық институттар конституциялық құқықтың пəні ретінде айрықша конституциялық құрылымның негізінің арақатынасының аспектісінде қарастырылады. Конституциялық заңнама əдетте жарлықтарымен реттелінген олардың ішкі ұйымдастырылуы мен қызметін қарастырмайды. Қоғамдық институттың ішкі істеріне араласпай, ол тек олардың қоғамға маңызды үшін қызметін реттейді. Қоғамдық бірлестіктерді құру жəне қызметі халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына сəйкес белгілі бір шектеулерді бекітеді. Қазақстан Республикасының Конституциясында жəне «қоғамдық бірлестіктер туралы» Заңында келесі негізгі ережелер бекітілген:

құру тəртібі жəне тіркеу;

қоғамның саси жүйесіндегі орны;

қаржыландыру қағидалары жəне қаржылық есеп беру қағидалары. Бірлесу бостандығына конституциялық құқық – бұл қоғамдық бірлестік саяси партия құру арқылы қоғам мен мемлекет ісіне басқаруға шынайы қатысуға мүмкіндік беретін азаматтардың саяси құқығы. Азаматтардың адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқық қоғамдық бірлестіктер азаматтармен ерікті негізде жалпы мақсаттарға жету үшін, заңнамаға қайшы келмейтін, мемлекеттік органдардың алдын ала келісімсіз құрылуы білдіреді. Қоғамдық бірлестіктер қызметінің бостандығы ішкі ұйымдық қызметінің бостандығымен кепілдігін бекітеді: өзінің жарғысын дербес қабылдау құқығы; бірлесудің басқару органдарын құрастыру; өзінің қызметін ерікті жүзеге асыру; одақтар (қауымдастықтар), қоғамдық бірлестіктер құру жəне т.б. Қоғамдық бірлестікте өзінің жарғылық міндеттерін жүзеге асыруға кең мүмкіндікпен қамтамасыз етуге құқық бекітілген. Қоғамдық бірлестіктер заңнамамен қамтамасыз етіледі жəне мемлекеттік органдардың жəне өзін-өзі басқару органдарының шешімдерін дайындау жоспарына белсенді қатысу мүмкіндігі, қоғамдық өмірдің əр түрлі мəселелері бойынша ынтамен қатысуы, өздерінің мүшелерінің заңды мүддесі мен құқықтарын сотта жəне өзге мемлекеттік органдарда, басқа да қоғамдық бірлестіктерде қорғау жəне табыс етуге құқылы. Азаматтардың бірлесуге бостандық құқығы қоғамдық бірлестіктің ісіне мемлекеттің заңсыз араласуға жол берілмейтіндігі туралы конституциялық ережелермен қамтамасыз етіледі.  Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси белісіндігіне ықпал етеді, олардың əр түрлі мүдделерін қанағаттандырады, өйткені соңғысы тек мемлекеттік органдар ған емес, басқа да əр түрлі бірлестіктер арқылы құрылады. Азаматтар қоғамдық бірлестікке еркін қатысуға құқылы, олардың құруына қатысу жəне олардан шығу, қоғамдық бірлестіктің ішіндегі белгілі бір құқықтар мен міндеттерге ие болады. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру кезенінде азаматтардын қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығы саяси-əлеуметтік құқықтардың ішінде негізгі орынға ие. Мемлекеттің демократиялық дамуы азаматтық қоғамның маңызды институттарының бірі — қоғамдық бірлестіктерсіз мүмкін емес. Азаматтардың əр түрлі қоғамдық бірлестіктерде бірігуі оларға қоғам мүддесін қамтыған əлеуметтік- экономикалық саясатты қалыптастыру мен жүзеге асырылуына қатыса алуларына жəне қоғамның əр түрлі топтарының мүдделерін ескеруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта өркениетті, демократиялық мемлекеттерде қоғамдық бірлестіктер конституциялық құрылыстың құрамдас бөлігі ретінде танылады. Қазақстан Республикасының Президенті 1998 жылдың 30 қыркүйегіндегі Жолдауында мемлекеттің демократизациялау үрдісінің маңызды элементтерінің қатары «азаматтық қоғамды қалыптастыруда мемлекеттік емес ұйымдардың рөлін арттыру» деп есептейді. Жолдауда мемлекеттік емес ұйымдар арқылы халық мемлекеттің саяси өміріне белсенді қатыса алу мүмкіндігіне ие болып, өз мүдделерін қорғауға мүмкіндік алады делінген. Қазақстан Республикасының қазіргі уақыттағы даму кезеңінде адамдардың бірігу құқықтарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құқықтық негіз қалыптасқан, сонда нормалардың бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы саналады. Сонымен қатар қалыптасқан нормативтік-құқықтық актілердің көптігіне қарамастан, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың бірлесу құқықтарының жүзеге асырылуының мəселелері қазіргі таңның өзекті мəселелерінің қатарына кіреді. Қоғамның демократизациялау үрдісі мен мемлекеттің қоғамдық институттарға ерекше көңіл аудару кезінде, мемлекет пен қоғамдық институттар серіктес ретінде қарастырылу барысында адам жəне азаматтардың бірігу құқығы мен қоғамдық бірлестіктердің түрлері мен олардын ара-жіктерінің айқындалуы мемлекеттегі өзекті мəселелер қатарына жатады. Дегенмен, қазіргі уақытта аталмыш мəселе бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасының конституциялық дамуындағы қоғамдық институттардың дамуы мен олардың қызметінің құқықтық реттелуі мен реттеудің тиімділігіне арналған арнайы монографиялық зертттеулер жоқ. Негізінен конституционалист-ғалымдар тек осы мəселенің бір жақ қырын қарастырумен ғана шектеліп қояды. Сондықтан қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы адам жəне азаматтардың қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығының мəселесі өзекті мəселелер қатарына жатады деп айтуға болады. Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы, басқа да негізгі құқықтарымен қатар, əлеуметтік-саяси жəне заңдық маңыздылығы жоғары жəне де өмірлік мақсаттарын жүзеге асырудағы адамның іс-əрекетіндегі едəуір рөл атқарады. Жеке тұлғаның дəрежесі өскен сайын, оның ұйымдастыратын одақтар мен ұйымдардың заңдық негізі де өзгеріп отырады. Қоғамдық бірлестіктер арқылы (ұйымдар мен одақтар жəне т.б.) жеке тұлға өз мүдделердің жалғасын жəне өзіндік дамуын табады. Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқық мəселесін зерттеуі тек ұлттық заң шығарушы органдар деңгейінде ғана емес, сонымен бірге қабылданған халықаралық-құқықтық құжаттар деңгейінде де өзекті болып табылады. Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың мазмұнын ішкі мемлекеттік жəне халықаралық құқықтың деңгейінде салыстырмалы зерттеуді жүргізгенде қоғамның саяси жүйесінің даму тенденциясын, мемлекеттік органдарының əрекетін, демократиялық институттар көріністердің дұрыс бағалауға мүмкіндік береді. Жоғарыда айтқандардан келесі қорытындыға келуге болады – адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы бекітілген конституциялық нормалар адамның іс-əрекеттегі əр түрлі мақсаттарына жетуіне кең аумақтағы мүмкіндіктер береді. Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың конституциялық қамтамасыз етілуінде маңызды мəселе – ол Қазақстан Республикасы Конституциясының І-бөлімі саналады:

адам жəне адамның өмірі, оның құқықтарын жəне бостандығын оның ең қымбат қазынасы деп қарастыру

биліктердің бөлінуі

кəсіпкерлік қызметке іс-əрекетіне бостандық, меншіктің сан алуандылығы мен олардың тегін түрде мемлекет тарапынан қорғалуы

көп партиялықты, қоғамдық бірлестіктердің теңдігін, идеологиялық жəне саяси көп алуандылықтын мойындауы;

халықаралық нормалар мен келісім шарттарда жазылған қоғамдық нормалар мен принциптердің үстемдігі.

Көрсетілген бастапқы конституциялық бастамалар адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтың нормативтік реттеуіне тікелей əсер етеді жəне де кейінгі заң актілерінде жүзеге асады.

М.В.Баглай «бостандық» түсінігіне талдау жасағанда «Конституцияда бұл түсінік негізгі философиялық принциптің рөлін атқарады жəне де ол конституциялық нормалардың бүкіл кешені арқылы жүзеге асады» дейді. Конституцияда бекітілген «Қазақстан Республикасының адам жəне азаматтардың бірлесуге бостандығы түріндегі конституциялық құқығы бар» деген сөздері бірігу конституциялық құқығының ең кең мағынасында жүзеге асуын білдіреді. Заң ғылымында адам құқықтары түсініктеріне жалпы дефиниция қалыптасқан, ол жеке тұлғаның əрекет етуіне мүмкіндік беретін субъективті құқығының түрі жəне өлшемі, адам жəне азаматтың əрекет етуіне заңды мүмкіндік беретін құқық нормалар. Адам құқықтарында қолданылатын «мүмкіндік» категориясы, тек азаматтардың құқықтар мен бостандықтардың ең басты ерекшеліктерін ажыратуға ғана көмектеспей, сонымен ең басты, оны негіз ретінде алып, олардың шынайы табиғатын дұрыс көрсететін түсінікті құрастыруға негіз болады. Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығының ерекшелігі ретінде ұжымдық сипатын айтуға болады, ол жеке адаммен ғана жүзеге аспай, сонымен бірге қауымдастықта, ассоциацияда жүзеге асыруы ғана мүмкін. Ал адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықты жүзеге асыруында жеке адам қатысатыны сөзсіз. Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқығы субъективті құқық қатарына жатады. Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқық өзінің мазмұны бойынша, көптеген авторлардың көзқарасына сай қоғамдық бірлестіктерді құру арқылы құқықтың жүзеге асырылуы мүмкін. Адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықты қоғамдық бірлестіктердің əрекеті мен құрылуы арқылы зерттегенде құқықтық реттеу ерекшеліктерін ажыратуға көмектеседі, осы құқық арқылы пайда болаған бірлестік ретінде, оның мазмұны, мəні жəне мақсаттары туралы түсініктерді қалыптастыруға көмектеседі. Бірақ бірігу құқықтың конституциялық мазұнының конституциялық құқықтық мəселесін тек қоғамдық бірлестіктердің əрекетінің негізінде ғана зерттеуі толық жəне жеткілікті болып табыла алмайды. Бірігу құқық субъективті құқық ретінде өзінің нəтижелерін қоғамдық, діни, кəсіпкерлік жəне басқа да бірлестіктердің ұйымдастырылуында береді жəне көрініс тауып отырады. Осы негіздемеге сүйене отырып, қоғамдық бірлестіктер арқылы адам жəне азаматтардың бірлесуге конституциялық құқықтарын жүзеге асыру барысында 31 мамыр 1996 жылғы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңында адам жəне азаматтардын келесі құқықтар енгізілген:

жалпы мақсаттарға жету үшін жəне жалпы мүдделерді қорғау үшін қоғамдық бірлестіктерді өз ниеті бойынша құруға;

бар қоғамдық бірлестіктерге өз ниетімен кіру немесе кірмеу;

қоғамдық бірлестіктерден кедергісіз шығу.

Барлық қоғамдық бірлестіктер мемлекеттік басқару органдарынсыз жəне мемлекеттік биліктің органдарының ешқандай ықпалсыз, тек қана азаматтардың өз еркі мен ниетінің арқасында құрылады. Осы жерде заң бойынша жергілікті өзін-өзі басқару жəне мемлекеттік билік органдары қоғамдық бірлестіктердің құрушы, мүшелері жəне қатысушылары ретінде бола алмайтынын ескеру қажет. Осындай шектеу дұрыс деп айтуға болады, əйтпесе қоғамдық бірлестіктердің жұмыс барысы жəне əрекет етулердін принциптері бұзылады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin