Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Арнайы белгіленген аумақтарда тазалау жұмыстарымен қатар, 3000-ға жуық ағаш көшеттері отырғызылды.
Сондай-ақ, Қарабастау ауылының азаматы Нұрзат Ортайдың демеушілігімен көшет егілген аумақ толық қоршауға алынды. Тұрғындар ауылды тазарту және көгалдандыру жұмыстарына белсенді түрде атсалысып жатыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникация қызметі