• 18 января, 2025 11:10 пп

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА «АУЫЛ – ЕЛ БЕСІГІ» АЯСЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ САЛЫНУДА

Автор:admin

Янв 18, 2025

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауылды аймақтардың инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы тапсырмасына сәйкес, облыс әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі құрылыс нысандарын тұрақты қадағалауды тапсырған болатын. Осыған орай, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Көксәйек елді мекеніндегі «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан спорт кешенінің құрылыс барысын бақылады.

Аталған нысанның құрылысы үшін республикалық бюджеттен  қаржы бөлініп, бүгінде мердігер мекеме «Корпорация Алем-құрылыс» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанды жіті қадағалаған облыс әкімінің орынбасары атқарылып жатқан құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкілдеріне сын-ескертпелер айтты. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапалы салынуын, жұрт игілігіне уақытылы тапсыруды міндеттеді. 2023 жылы құрылысы басталған спорт кешенінің қуаттылығы 250 көрерменге арналған. Нысанда кіші баскетбол, волеубол, күрес, тренажер залдары орналасқан. Ғимараттың жалпы ауданы 4267,99 шаршы метр.  Аталған спорт кешенінің құрылысы биыл аяқталады деп күтілуде.

Біркөлік елді мекеніндегі «Бәйшешек»  спорттық суықтыру кешеніне барған облыс әкімінің орынбасары спортшылар тынығатын орын, жаттығу залын аралап көріп,  асхананың жағдайына назар аударды. Аталған ғимаратта анықталған кемшіліктерге тоқтала келе, облыстық спорт басқармасының мамандарына оларды ретке келтіруді тапсырып, саланы дамытуға байланысты ұсыныстар беруді ескертті.

Сонымен қатар облыс әкімінің орынбасары спортты дамыту мақсатында жаңаша бағытта жұмыс істеу керектігін жеткізді.

Аудандар мен шалғай елді мекендерден жас таланттарды іздеп, спортқа баулуды тапсырды. 1972 жылы негізі қаланған спорттық кешен бір мезгілде 250 баланы   қабылдауға қауқарлы. Мұнда күрес, бокс, ауыр атлетика, футбол, волейбол сияқты түрлі спорт түрлерімен айналысуға арналған жабдықталған залдар бар. Дегенмен, ғимараттың жағдайы бүгінде күрделі жөндеуді қажет етеді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Автор: admin