🔷 Бүгін сегізінші шақырылымдағы қала мәслихатының кезектен тыс оныншы сессиясы өтті. Күн тәртібінде «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Тұран ауданының әкімін тағайындау мәселесі қаралды. Мәслихат депутаттары аталған лауазымға Берік Айдарұлы Әшірбековтің кандидатурасын бір ауыздан қолдады.🔷 Берік Айдарұлы Әшірбеков 1986 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында туған.
Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетін, Қарағанды экономикалық университетін бітірген, мамандығы бойынша біліктілігі — жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау және құқықтану.
🔷 Еңбек жолын 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық жер кадастр бюросының технигі, жерге орналастырушысы болып бастаған.
🔷 10.02.2006-20.07.2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық жер кадастры филиалының директорының міндетін атқарушы.
🔷 20.07.2006-20.05.2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ аудандық жер кадастры филиалының инженер жерге орналастырушысы.
🔷 02.06.2008-05.01.2009 жылдары Астана қаласының ғылыми өндірістік орталығы мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйе орталығы бөлімінің маманы.
🔷 05.01.2009-01.02.2010 жылдары Астана қаласының жер кадастры ғылыми өндірістік орталығы жер кадастры бөлімінің маманы.
🔷 01.02.2010-20.06.2011 жылдары Астана қаласының жер кадастры бойынша ғылыми өндірістік орталығы мемлекеттік жер кадастры орталығы директорының көмекшісі.
🔷 20.06.2011-10.04.2012 жылдары Астана қаласының жер кадастры бойынша ғылыми өндірістік орталығы мемлекеттік жер кадастры орталығының өнеркәсіптік-азаматтық мақсаттағы жер учаскелерін рәсімдеу бөлімінің бастығы.
🔷 11.04.2012-08.10.2012 жылдары Петропавл қалалық «Жер кадастры бойынша ғылыми өндірістік орталығының» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары.
🔷 08.10.2012-22.08.2013 жылдары Солтүстік Қазақстан облыстық «Жер кадастры бойынша ғылыми өндірістік орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны филиалының директоры орынбасарының міндетін атқарушы.
23.08.2013-30.09.2013 жылдары Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімінің нұсқаушысы.
🔷 01.10.2013-28.12.2013 жылдары Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімінің өндірістік секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы.
🔷 28.12.2013-31.12.2013 жылдары Шымкент қаласы жер қатынастары бөлімінің өндірістік секторының меңгерушісі.
🔷 31.12.2013-05.04.2016 жылдары Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары.
🔷 05.04.2016-26.01.2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы әкімінің кеңесшісі.
🔷 27.01.2017-13.11.2018 жылдары Алматы қаласында «Алматы тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары.
🔷 14.11.2018-18.02.2019 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы.
🔷 18.02.2019-30.10.2019 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары.
🔷 30.10.2019-29.07.2020 жылдары Шымкент қаласының жер қатынастары басқармасының басшысы.
🔷 29.07.2020-02.11.2020 жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.
02.11.2020-16.03.2021 жылдары Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.
🔷 01.02.2023-19.07.2023 жылдары «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының міндетін атқарушы.
🔷 19.07.2023-04.08.2023 жылдары «TURKISTAN» арнайы экономикалық аймағының Басқарушы компаниясы» акционерлік қоғамы басқарма төрағасы.
🔷 07.08.2023-27.10.2023 жылдары Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы.
🔷 Биылғы жылдың 27-қазанынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы лауазымын атқарды.