• 25 сентября, 2024 1:28 пп

Тұрмыстық зорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар

Автор:admin

Июл 11, 2024

Шымкент қаласында отбасынан зәбір көрген тұрғындарды бейімдеу мақсатында, оларға арнайы әлеуметтік тапсырыстар шеңберінде құқықтық-проифлактикалық және психологиялық көмектерді уақытылы көрсету кезек күттірмейтін бағыт болып саналады. Осы орайда тұрғындарға түсіндірме жұмыстары мен ескертпе жұмыстары тоқсан сайын, жоспарға сәйкес жүргізіліп келеді. Жалпы «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 4-бабына сай, тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық, сексуалдық және экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін. Сонымен бірге, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлеріне мынадай анықтамалар берілген: 1, Күш көрсету зорлық-зомбылығы – дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру. 2. Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау, құқық бұзушылықтарды немесе өмірге, денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ, психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту. 3. Сексуалдық зорлық-зомбылық – адамның жыныстық тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана, сондай-ақ, кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер. 4. Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру. Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алғашқы көріністері байқалған сәтте қорғау нұсқамасы, яғни, отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген адамдарға қатысты әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылуы мүмкін. Учаскелік полиция инспекторы не кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік инспектор құқық бұзушыға қатысты қорғау нұсқамасын 30 тәулік мерзімге жазып береді және оған белгілі бір шектеулер қояды. Қорғау нұсқамасымен тұрмыстық зорлық-зомбылық жасауға, жәбірленуші отбасының кәмелетке толмаған немесе әрекетке қабілетсіз мүшелерін қоса алғанда, оның еркіне қарамастан, оны іздестіруге, ізіне түсуге, оған баруға, онымен ауызша, телефон арқылы сөйлесуге және өзге де тәсілдермен байланыс жасауға тыйым салынады. Өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адамды Ішкі істер органдары профилактикалық есепке қойып, профилактикалық бақылау жүзеге асырылады. Тұлғаны тексеру жеті күнде кемінде бір рет жүргізіледі. Жәбірленушіге қорғау нұсқамасы шығарылған күні оның құқықтары, сондай-ақ, өзіне қатысты қорғау нұсқамасы шығарылған адам оны бұзған жағдайда құқықтық салдарлары түсіндіріле отырып, қолхат алынып, оның көшірмесі берілуге тиіс3 . Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың деңгейі, динамикасы және өсуі туралы нақты деректер, яғни, өңірлер бойынша да, жалпы Қазақстан бойынша да отбасындағы зорлық-зомбылық фактілерінің жинақталған дәл статистикасы жоқ, сондықтан, бұл объективті түрде талдауға жатады. Біріншіден, Ішкі істер министрлігінің статистикалық есебінде қызғаныш, жанжал және басқа да тұрмыстық себептер негізінде жасалған қылмыстар тобы ерекшеленеді, оларды толығырақ зерттеу отбасындағы зорлық-зомбылық жағдайларын анықтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, әлеуметтік қызметтер отбасылық қатынастар саласындағы жағдайды зерттейді. Бұл әйелдердің, балалардың, қарт ата-аналардың отбасында орын алатын қауіптің ауқымын бағалауға, осы алаңдатарлық құбылыстың себептерін анықтауға мүмкіндік береді. Әзірге тұрмыстық зорлық-зомбылық, оның себептері мен жағдайлары, қылмыскер мен жәбірленушінің жеке басы туралы негізгі ақпаратты әлеуметтік сауалнамалар және құжаттарды зерттеуталдау арқылы анықтауға болады.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin