• 24 ноября, 2024 11:44 дп

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары

Автор:admin

Июл 10, 2024

Ия, Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу шаралары жыл сайын өз нәтижиесін беріп келеді. Мысалыға бұл бағыт бойынша атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, арнайы бейімдеу орталықтары тұрғындарды отбасылық жанжалдардан болатын өлім, дене жарақаты, психикалық бұзылулар, кейде өзін-өзі өлтіру, өзін-өзі бағалау сезімін жоғалтуларға әкелетін құбылыстарды жою мақсатында кезекті күн тәртібінен түсірген емес. Отбасындағы зорлық-зомбылық алкогольді отбасылармен, кедей отбасылармен шектелетіні туралы түсінік қалыптасқан. Алайда, зерттеулер зорлық-зомбылық әрқашан маскүнемдік пен кедейлікпен байланысты емес екенін көрсетеді. Отбасылық қарым-қатынастарда зорлық-зомбылықтың психологиялық нысаны өте кең таралған: дөрекілік (отбасылардың 48,0%), бір-бірін қорлау (14,0%), сондай-ақ, күш көрсету (6,0%). Көптеген ерлер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынаста дөрекілік отбасылық қарым-қатынас нормасы ретінде қабылданады. Күйеуі әйеліне қатыгездікпен қарайтын отбасылардың саны, әйелі күйеуіне қатыгездікпен қарайтын отбасыларға қарағанда 3,5 есе көп4 . Қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын шешу қоғамның осы проблеманың тереңдігін түсіну дәрежесіне, ең алдымен зорлық-зомбылықтың өршуінде көрінетін салдарына тікелей байланысты. Сондықтан, отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесін белгілеу, теориялық базаны қалыптастыру, сенімді статистика, зорлық-зомбылықты қолдану себептерін талдау, таралу дәрежесін анықтау – оны шешудің алғашқы қадамы болмақ. Нысанына қарай тұрмыстық зорлық-зомбылық 3 түрге бөлінеді: 1. Ата-аналардың балаларға қатысты зорлық-зомбылығы. 2. Бір жұбайының екіншісіне қатысты зорлық-зомбылығы. 3. Қарт туыстарына немесе ата-анасына қатысты зорлық-зомбылық5 . Ересектердің кінәсінен балалар физикалық, жыныстық, эмоционалды зорлық-зомбылықтың құрбаны болады. БҰҰ мәліметтері бойынша жыл сайын 14 жасқа дейінгі 2 миллионға жуық бала ата-аналардың озбырлығынан зардап шегеді. Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, әдетте, келесі отбасы топтарында жиі кездеседі: маскүнемдер мен нашақорлар; аз қамтылған отбасылар; ата-анасының біреуі немесе екеуі де жұмыссыздар. Бұл ата-аналарға педагогикалық білім жетіспейді, сондықтан, халықты педагогикалық ағартумен қамтамасыз ету керек. Айта кетерлігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық психологиялық қысым, қорлау, экономикалық тәуелділік болып табылады6 . Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу кезінде мыналарды басшылыққа алу қажет: – отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты қалыптастыру; – отбасы мүдделерін қорғау бойынша халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау; – азаматтардың теңдік жағдайы мәселелерін талдау; – отбасы мүшелері арасында тәрбие беру және өзін-өзі ұстау жағдайларын ұштастыру, отбасы институтын нығайту: – ерлерге, әйелдерге және балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің халықаралық тәжірибесін қолдану; – дәл статистиканың болмауына байланысты отбасының нақты жағдайын талдау мақсатында ақпараттық базаны қалыптастыру, бұл құқық бұзушылықтың қандай да бір деңгейде алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin