• 20 сентября, 2024 6:39 дп

ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ ЗАҢДА НЕ ӨЗГЕРІС БАР?

Автор:admin

Авг 17, 2024

2009 жылғы 4 желтоқсанда Қазақстанда «Тұрмыс¬тық зорлық-зомбылық профилактикасы тура¬лы» Заң қабылданды. Бір жағынан, бұл респуб¬ликамыз үшін нағыз прогресс болды. Қазақстан ТМД-да осындай заң қабылданған алғашқы ел болды. Заңда тұрмыстық зорлық-зомбылық түрлері, мемлекеттік органдардың тұрмыс¬тық зорлық-¬зомбылықтың алдын алу жөніндегі құзы¬реті ұғымы жазылған. Сондай-ақ, тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерді тиімді қорғау үшін «қорғау нұсқамасы» және «құқық бұзушының мінез-құлқына қойылатын ерекше талап¬тар» құралдары алғаш рет пайда болды. Алайда, уақыт өте келе, ОТЗЗ-ға қарсы шараларды жетілдіру қажеттілігі туындап, Заңға өзгеріс¬тер мен толықтырулар енгізілді, 2009 жылдан 2023 жылға дейін жаңа нормалармен 14 рет толық-тырылды. Соңғы өзгерістер мен толықтырулар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 226-VII ҚРЗ енгізілді. Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар әрқашан прогрессивті сипатта бола бермейді. Мысалы, 2013 жылы жергілікті өкілді және атқарушы органдардан тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және іске асыру жөніндегі функциялар алынып тасталды. 2014 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу субъектілерінің шеңберінен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бөлінді. Бұл ретте жәбірленушілерге АӘҚ және (немесе) көмек көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлға ретінде «көмек көрсету жөніндегі ұйым» деген ұғым берілді. Заңға енгізілген елеулі өзгерістер ретінде 2014 жылдан 2018 жылға дейін ішкі істер органының аумақтық поли¬ция органы мен жергілікті полиция қызметінің бастықтарына, олардың орын¬басарларына, учаскелік полиция инспекторларына, кәмелетке толмағандар істері және әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторларға «қорғау нұсқамаларын» шығаруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ ерекше жағдайларда соттарға жәбірленушіні және оның отбасы мүшелерін күзету және қорғау үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамға осы адамда басқа тұрғын үй болған жағдайда жәбірленушімен бірге жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғын үйде тұруға тыйым салу түрінде әкімшілік-құқықтық ықпал ету шарасын қолдануға рұқсат беретін толықтырулар енгізілген кезде қабылданған нормаларды атап өтуге болады.
Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin