• 11 марта, 2025 7:43 пп

ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТТАРЫ ЖӘНЕ «ҚАМҚОР» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Автор:admin

Мар 11, 2025

 

2025 жылдың 16 қаңтарынан бастап тұрғын үй сертификаттарына өтінім қабылдау басталғаны хабарланды. 500 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз негізде тұрғын үй сертификаттарын беру жоспарлануда. Тұрғын үй сертификаттары әлеуметтік көмек ретінде беріліп, қарыз сомасының 10%-ын, бірақ 1 000 000 теңгеден аспайтын мөлшерде ұсынылады. Бұл сертификаттар бірінші және екінші топтағы мүгедектер, көпбалалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері және басқа да әлеуметтік осал топтарға беріледі. Қазіргі таңда 103 азаматқа тұрғын үй сертификаты берілген. Сонымен қатар, «Қамқор» өңірлік бағдарламасы аясында да тұрғындарға баспана берілуде. 2023 жылы бұл бағдарлама үшін 3 млрд. теңге бөлініп, 150 азамат пәтер алған. 2024 жылға 5 млрд. теңге бөлініп, 400 азаматқа пәтер берілуі жоспарланғаны айтылды. Қатысушыларды іріктеу қорытындысы бойынша 1 736 өтінім қабылданып, оның ішінде 400 қатысушы негізгі тізімге енгізілгені хабарланды. Бұл бағдарлама аясында тұрғын үйге қол жеткізген азаматтардың саны жыл сайын артып келе жатқаны туралы бүгінгі брифинг барысында мәлімделді.

Автор: admin