Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар Шымкент қаласында тұрақты жүзеге асып келеді. Президент елімізде жан-жақты саяси жаңғыру процесі жүріп жатқанын атап өткен болатын. – Оның бағыт-бағдарын Жолдауда айқындап алған болатынбыз. Осы орайда Шымкент қаласында Президентіміздің саясатын жүзеге асыру бағытында заң мен тәртіп саласында келелі жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бір жылдың ішінде ауқымды реформаларды жүзеге асырдық. Билік жүйесін жаңа талапқа сай жаңғырту үшін бірнеше саяси науқан өткіздік. Маңызды мәселелерді талқылау үшін Ұлттық құрылтайды құрдық. Мемлекеттігіміздің тұғырын және ел бірлігін нығайтатын жаңа идеологиялық тұжырымдар ұсындық. Наурыз мейрамын жаңаша атап өте бастадық. Республика күнін қайта жаңғырту тарихи қадам болды. Президенттің айтуынша, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар ел ішінде ғана емес, шетелдерде де талқыланып жатыр. – Біздің болашағымыз – айқын, нақты жоспарымыз бар. Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы – билік институттарын жаңарту жұмысының қорытынды кезеңі. Осылайша, билік жан-жақты реформаларды жалғастыру үшін жаңа сенім мандатына ие болады. Елімізді дамыту жолында тың бастамалар көтеріп, оны табысты жүзеге асыру – басты міндет. Қазір жетістікке мәз болып отыратын заман емес. Жұмысты тың қарқынмен жалғастыру керек деп атап көрсеткен болатын Президент. Мемлекет басшысы қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселесіне, заң мен тәртіп саласына да баса мән беру керек екенін айтты. – Елімізді дамыту үшін саяси жүйені ғана жаңғырту жеткіліксіз. Реформалар, ең алдымен, қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптастыруы керек. Сонымен бірге жаңа құндылықтарды орнықтыруы қажет. Ең алдымен, ел мүддесіне және әр адамның құқығына басымдық беріледі. Геосаяси ахуал ушыққан кезде мемлекеттің және азаматтардың жауапкершілік жүгі артады. Аңдамай айтылған бір ауыз сөз, ойланбай қабылданған бір шешім елге зардабын тигізуі мүмкін. Әрине, мемлекет сөз бостандығына кепілдік береді. Әркімнің қалауынша қарекет жасауына мүмкіндік бар. Бірақ бұл бассыздыққа жол беру деген сөз емес. Әрбір азамат елдің тыныштығын және оның аумақтық тұтастығын сақтауға қатысты заң талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті. Заң мен тәртіп бар жерде тұрақтылық болады. Бұл қағида – барлығына ортақ. Осы орайда Шымкент қаласында заңға сүйене отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген түрін жоюға мемлекеттік көмектер көрсетіліп келеді. Зорлық-зомбылықтың белгілерін әрбір сегізінші отбасынан байқауға болады. Әрбір үшінші отбасында тұрмыстық зорлық-зомбылық болса, әрбір жетінші әйел – экономикалық, әрбір алтыншы әйел – физикалық, әрбір үшінші әйел – психологиялық зорлық-зомбылыққа тап болады. Өкінішке қарай, қазіргі қоғамда отбасындағы кемсіту мен қорқыту қалыпты жағдайға айналды, тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыстарына құлақ үйренді. Дегенмен салада атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Мәселен Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын — алу бойынша заң мен тәртіпті есепке ала отырып, бірнеше жобалар қолға алынған. Статистикалық есепке сүйенсек Шымкент қаласында дағдарыс жағдайында тұрған отбасыларға психологиялық, құқықтық көмек көрсететін және бағдар беретін әлеуметтік орталықтардың белсенділігі артқан. Атап айтқанда, «Бақытты жанұя» орталығына жыл басынан бері 28 мыңға жуық отбасы қызмет алыпты. Қазір бір күнде орталықтың қызметіне 750-ге жуық азамат жүгінеді екен. «Алғашында көпбалалы отбасылар қаржылай көмек көрсететін мекеме ретінді қарап, «бізге не бересіздер?» деп келетін. Орталық өз қызметтерін ұсынғанымен материалдық тұрғыда ешқандай көмек көрсетпейтінін, «балық» емес, «қармақ» ұсынатынын жеткіздік. Көрсеткіш бойынша 550 ана тігіншілік, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM курстары, балаларға арналған массаж, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед тіл кемістігі бар балалардың аналарына тыныс алу және артикуляциялық жаттығу курстарын тәмамдап, сертификат алды. Барлық тәрбиенің бастауы – отбасы. Біздің мамандар дағдарысқа кезіккен отбасыларға қызмет көрсету үшін түн ортасына дейін жұмыс істеуден жалыққан емес. Осы бағыттағы жұмысымызды әрмен қарай жалғастырамыз. Өйткені, тұрғындардың санасы серпілген сәтте ғана олардың өмірге деген құлшынысы өзгеретінін жұмыс барысында көріп отырмыз. Шымкент қаласында тұрмыстық зорлық – зомбылық көрген және адам саудасының құрбаны болған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсететін дағдарыс орталығы қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері орталықтың қызметіне жалпы 600-ге жуық азамат жүгініп, олардың тең жартысы жатын орынмен қамтылған. Пана тапқандардың 78-і ана мен 200-ден астамы бала. Басқармаға бағынысты «№ 3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» қызмет алушыларға психологиялық және әлеуметтік еңбек, құқықтық көмектер сынды 8 түрлі әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Мамандардың сүйемелдеуімен қысқа мерзімдік оқу курсын оқып, әрі қарай жұмыс істеулеріне де мүмкіндіктер қарастырылған. «Тұрмыстық зорлық-зомбылық және адам саудасы құрбаны» болғанда немесе оған куә болған жағдайда дағдарыс орталығының қызметіне жүгінуге болады. Арнайы сенім телефоны: 8(7252)- 45-03-03 111 шұғыл желісі мен 8-775-450-54-33 нөмірі бойынша вацапқа хабарласуға болады.
Jsk ақпараттық агенттігі
4703 символ