• 21 ноября, 2024 10:56 дп

ТӘУЕЛСІЗДІК — КЕЗ-КЕЛГЕН АЗАМАТ ҮШІН ЕҢ ҚАСТЕРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚ

Автор:admin

Ноя 24, 2021

?? ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын таныстырды.

⚜️ Елбасы озық әлемдік тәжірибе мен халқымыздың ұлттық тарихи-мәдени дәстүрлерін ескере отырып, еліміз үшін маңызды үндеу жариялады. Бұл – Тәуелсіздіктің мызғымас құндылықтарын көрсететін іргелі құжат және болашақ ұрпаққа егемен Қазақстанның көшбасшылығын айқындайтын қағидалар кодексі.
▪️- «Тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғау – әрбір қазақстандықтың міндеті», -деп Елбасы бірініші тұғырда айтып өтті.

?Расымен де, тәуелсіздік — біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Егемендігімізді алу жолында ел еркіндігі үшін қыршын кеткен қазақтың талай ұлтжанды азаматтарының рухы алдында әрқашан тағзым етеміз. Ата-бабамыздың бізге «тәуелсіздік» деп аталатын аманатын келер ұрпақтарға жеткізу қасиетті парызымыз.

? Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан Республикасы тарихи таңдау жасап, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн ел тарихындағы жаңа дәуірдің басталуы ғана емес, Қазақстанның алғаш рет халықаралық қатынастардың толыққанды субъектіне айналған кезеңі еді. Содан бергі уақыт аралығында ел тарихында көптеген жұмыстар атқарылып, экономикамыз қарқынды дами түсті.

✅ Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстан бүкіл әлем таныған, төрткүл дүние төрінен ойып орын алған ілгері ел дәрежесіне жетті. Қазақстанның бүкіл әлем таныған беделді мемлекетке айналуы Елбасы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жүргізген сындарлы саясатының арқасы. Сондықтан, Елбасы Тәуелсіздігіміздің мәңгі символына айналды десек, ақиқатты айтқан болар едік.

Бектаева Жанар Әлібекқызы
«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының бірінші орынбасары

Автор: admin