• 16 сентября, 2024 7:33 пп

ХҚКО операторларына жыл басынан бері300 мыңға жуық бейнеқоңырау түсті

Автор:admin

Июл 15, 2024

Халыққа қызмет көрсету орталығыныңқызметкерлерімен «ХҚКО» қосымшасындағы бейнеқоңырау арқылы байланысып, мемлекеттік қызметтер бойынша кеңес алуға және өтініш беруге болады. Қазіргі уақытта 79 қызмет түріқолжетімді.

Бұл қызметті пайдалану үшін қосымшаныңбасты бетінде «Бейне қызметі« батырмасын басукерек. Құжаттарды диалогтық терезеде тіркейаласыз, содан кейін оператор өтінішті қашықтанқалыптастырады. Мемлекеттік баж екінші деңгейлібанк қосымшаларында төленеді.

«Сервис өз уақытын бағалайтын азаматтарүшін ыңғайлы. Егер халыққа қызмет көрсетуорталығы үйден алыс орналасса немесе қарбалас уақытта жету қиын болса, азаматтар ХҚКОқызметкеріне бейнеқоңырау шалып, қызмет алаалады. Қосымша қазақстандықтар арасындасұранысқа ие. Бүгінгі таңда қосымшаның 400мыңға жуық қолданушысы бар«, деп атап өттіМемлекеттік корпорацияның Басқарма ТөрағасыАрман Кенжеғалиев.

Айта кетейік, бейнеқоңырау арқылы қызмет алушылар мобильді азаматтар базасында нөмірді тіркеу және қайта тіркеу, ЭЦҚ алу және кері қайтарып алу, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу қызметтерін алу үшін жиі жүгінеді.

Сонымен қатар, қосымша арқылы ХҚКО-ға бару уақытын брондауға, электрондық кезек талонын алуға, қажетті халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан жерін қарауға және өзге де өзекті сұрақтармен танысуға болады.

Автор: admin