Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының мониторингі мен бақылауы күшейтіледі және келесі жылдан бастап мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау жаңа форматта жүргізілетін болады. инвесторды оқыту және консультативтік-ақпараттық қамтамасыз ету; инвестор қызығушылық танытатын салада республикалық немесе жергілікті деңгейдегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын таңдау; жоспардағы, және конкурсқа жарияланған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары туралы потенциалды инвесторларды ақпараттандыру; Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру сатысында жеке әріптестермен жұмыс жүргізу. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі Қазақстан өзінің құқықтық кеңістігін қалыптастыруды қолға алды. Алғаш қабылданған заңнамалық актілердің бірі 1991 жылғы 23 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы концессиялар туралы» заңы болды. Мемлекет бұл заңды қабылдай отырып, мемлекет-жекеменшік әріптестігі саласындағы құқықтық қатынастарды реттеудің маңыздылығын көрсетті. Шымкент қаласының Қаратау ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. 2021 жылы 31 көше жарықтандырылған болатын. Өткен жылы ауданда 27 көшені жарықтандыру жұмыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында атқарылды. Ал биыл ауданда 30 көшені жарықтандыру жоспарда. Атап айтқанда, 2023 жылы Мирас, Нұрсат-3 (№14, 7А, 13А көшелері), Нұртас (Атымтаев, Саяхат, Ақсұңқар, Болашақ көшелері), Тұран, Қайтпас (Медеу, Дайрабеков, Ақбаев, Ақберен көшелері), Таскен, Тассай шағынауданы, Сайрам тұрғын алабының көшелері жарықтандырылады. Ал Әл-Фараби ауданындағы 390 көшенің 110-ы жарықпен қамтылған. Биыл 14 көшені жарықтандыру Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жоспарына енгізілді. Олардың қатарында, Күншығыс шағын ауданының ішкі орамдық көшелері, №25, 28 мектеп аумағы, Абдразақов, Ж.Тыныбаев көшесі, қалалық жүйке аурулар орталығы, Бөгет көшелері бар. Қазіргі таңда, 4 көшені жарықтандыру бойынша жұмыстар басталды.
Jsk ақпарат