• 19 сентября, 2024 1:44 дп

Шымкенттегі автокөлік жолдарының құрылысы басты назарда!

Автор:admin

Сен 2, 2023

Мемлекет басшысы биылғы халыққа арнаған Жолдауында автокөлік жолдарының құрылысы мәселесі шешімін табуға тиіс екенін атап өтті. Шымкент қаласында автокөлік жолдарының құрылысы мен оның сапасын бақылау бағытында жұмыстар қарқын алған. Осыдан 4 жыл бұрын қаладағы жол құрылысында жылына мыңнан астам ақау анықталса, соңғы 2 жылда бұл көрсеткіш 4 есеге кеміген. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» республикалық кәсіпорнының Шымкент қалалық филиалы бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуде. Жол жөндеу жұмыстарына сараптама жасау, сынақ зертханасын жүргізу және ғылыми зерделеу, мамандар даярлау бойынша сараптмалық ақпараттар тізбегін назарыңызға ұсынамыз. Шымкент қаласының «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» мекемесі 2019 жылы наурыз айында құрылып, жұмысын бастады. Мекеме жол құрылысы, жол жөндеу жұмыстарына сараптама жасау, пайдаланылып жатқан құрылыс материалдарын сынақ зертханасынан өткізуді жүзеге асырады. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында да автокөлік жолдарының құрылысында сапаға көңіл бөлу керек екенін нақтылап айтты. Біз де соған сай жұмысты күшейтіп жатырмыз. Жұмысты негізінен 2020 жылы бастадық. Салыстырып қарағанда, жол сапасына қатысты талаптар қазір мүлдем бөлек. Жұмысты жандандыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. Енді осы жөнінде айтып өтсем.
Әрине, қазіргі таңда жол сапасына қатысты ақаулар саны азайды. Бұрын тексеріс барысында бордюрлердің беріктігінің сапасы, бетонның сапасы, жол белгілерінің сәйкес келмейтіні, жалпы осындай мыңнан астам ақаулықтар анықталып жататын. Қазір бұл көрсеткіш 3-4 есе төмендеді. Былтырдан бері біз жол құрылысына пайдаланатын материалдарды құрылысқа келмей жатып тексеруді қолға алдық. Яғни, мекеме мамандары жол сапасын бақылап қана қоймай, темір-бетон бұйымдары, бордюрлер, жол жиегіне қойылатын лотоктар, жол белгілері, плита, тағы басқа құрылыс материалдарының сапасын сараптайды. Жол белгілері де біздің тексеруімізден өткеннен кейін қойылуда. Бүгінде елдімекен көшелері, қаланың ішіндегі орам көшелерінің орташа жөндеу жұмыстары ведомстволық сараптамадан өтуде. Биыл қалада 297 нысан құрылыс-монтаж жұмыстарымен қамтылса, соның ішінде орташа жөндеуден өткен 209 көшені ведомстволық сараптамадан өткіздік. Анықталған ақаулар 200-дің төңірегінде боп тұр. Олардың дені жұмыс барысында шешілетін ақаулар. Жолға келіп жатқан материалдарды қадағалаудан бірқатар кемшіліктер табылды. 11 нысанда өрескел ақау, яғни нығыздау коэффициенті дұрыс келмейтіні анықталды. Анықталған кемшіліктер бойынша мердігерге, тапсырыс берушіге, техникалық қадағалаушыға сараптама жазылады. Техникалық қадағалаушы мердігер мекемеге ақауларды жөндеткеннен кейін, актіге қол қойып, бізге тапсырады. Ақауларды тек қана анықтап қоймай, оның ретке келтіруін де қадағалаймыз.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin